Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық азаматтық бірегейлік
Автор: 010107601447 • Сентябрь 16, 2021 • Контрольная работа • 637 Слов (3 Страниц) • 451 Просмотры
№1. Практикалық сабақтың тақырыбы: Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық азаматтық бірегейлік
Мазмұны:
- Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары
- Әлемдік-тарихи үдерістер мән мәтініндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы
- «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы» біреуін таңдау
1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы» қабылданып, онда тарихи білімнің іргелі принциптері айқындалып, негізгі басымдықтары анықталды
1-деңгей:
Тарихи сана- Бұл тарихи сана әлеуметтік жад сияқты қарастырылады. Осы ұғым көптүрлі қалыптасқан немесе ғылыми формада құрылған өткенді бағамдаушы қоғамдық пікірге негізделеді. Тарихи сана басқа ұғымдардан өзінің уақытты қосымша өлшемдермен қарастыратындығымен өзгешеленеді. Сондай-ақ, тарихи сана қоғамдағы өткен кезеңді әртүрлі қырынан қарастыруымен де айрықша сипатқа ие. Сондықтан, әлеуметтік жадсыз тарихи сана қалыптаса алмайды. ТАРИХИ САНА ұлттың өзін өзі сақтау құралы, рухани қалқаны. Егер, ол сақталмаса ұлт тек өзінің өткенінен ғана емес болашағынан да айырылады. Ұлттың рухани көзі мен жан дүниесіне ықпал етуге тырысушы жақтар (идеология, шет мемлекеттер, саяси күштер) оның тарихын бұрмалау, тіпті жоққа шығаруға тырысатындығы факт.
Ұлттық бірегейлік- мемлекеттің тұтастығы, ынтымақтастық, елдік пен ауызбіршілік. Ұлттық бірегейліктің түп-тамыры әрбір отбасындағы ұлттық дәстүрден бастау алады. Негізгі белгілері: ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие, діннің таза күйінде сақталуы, тарих, тарихқа құрмет, ұлттық өнер, туысқандық дәстүр, қоғамда, отбасында ұлттық құндылықтардың сақталуы, заман талабына сай икемділік, білімділік, ғылымның мемлекетке тигізер пайдасы бағалау т.б.
Зерттеу әдістері- Зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс тәсілдердің жиынтығы. Зерттеу әдістері шындықтың жалпы және жекеленген заңдылықтарына сүйене отырып, мақсатқа жету жолдарын, зерттеудің теориялық және практикалық амал-тәсілдерін анықтаy
Қоғамдық саяси ой- қоғамдағы саяси құбылыстарды тану үрдісінің тереңдеуі нәтижесінде тарихи қалыптасқан дамушы білім, логикалық-түсінік түрғысынан жинақталған теориялық тұжырымдар, идеялар, қағидалар мен конструкциялар
2-деңгей:
А) «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айтыңыз Мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.
...