Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік

Автор:   •  Сентябрь 21, 2021  •  Практическая работа  •  2,936 Слов (12 Страниц)  •  472 Просмотры

Страница 1 из 12

№1 практикалық сабақ

Тақырыбы: Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік (Пәнге кіріспе)

Сабақ жоспары:

1. Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары

2. Әлемдік-тарихи үдерістер мен мәтініндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы

3.        «Қазақстан        Республикасында        тарихи        сананы        қалыптастырудың тұжырымдамасы»

Сабақтың мақсаты мен міндеттері: ХІХғ. соңғы ширегі - ХХғ. басында қазақ интеллигенциясының        көзқарастары        жөнінде        жүйелі        білім        негіздерін қалыптастыру, бүкіл құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін оқыту. Тарихи үрдістің көп қырлылығын, көп түрлілігін көрсете отырып, білімгерлерді дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге үйрету.

Сабақтың мазмұны:

1. Жаңа экономикалық жүйенің қалыптасу барысында оның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары мен ел азаматтарының ахуалына, экономикалық және әлеуметтік дамудың арақатынасына, әлеуметтік проблемалардың мәні мен оны шешу жолдарына, өмірдің әлеуметтік құрылымының ұлттық үлгісі мен әлеуметтік саясаттың негіздеріне қатысты мәселелер шешімін міндетті түрде табуға тиіс.[pic 1]

Экономиканың өзі мен оның дамуы жеке адамның мақсаты емес. Экономика        адамдардың,        әрбір        адамның        тағдырымен        әрі        мақсатымен ажырамастай әрі тығыз байланысты. Бұл ең алдымен, адам - өнім жасау мен басқа да қызмет нәтижесін иемдену жөніндегі экономикалық қызметке тікелей қатысушы болуымен байланысты. Екіншіден, қоғам мүшелері сонымен бірге қызмет факторлары мен нәтижесінің меншік иесі болып табылады, сондықтан олар меншік иесі ретінде игілікке ие болуда өздерінің мүдделерін білдіреді. Үшіншіден, қоғамның барлық мүшелері бөлу және қайта бөлу нәтижесінде өздеріне        жететін        игіліктерді        пайдаланады.     Адамдардың        даму,        тұтыну мүмкіндіктері олардың өздері алатын табыспен шектеледі. Төртіншіден, қоғам мүшелерінің экономикалық қызметінің нәтижелері экономиканың шектерініен тысқары да сезіледі - әлеуметтік ортаның дамуы, зейнетақының, жәрдемақының мөлшері экономикада қол жеткізген нәтиежелермен тікелей байланысты. Демек, экономика өзінің мәні бойынша әлеуметтік сала, ал ел азаматтары -экономикалық процестің барлық кезеңдеріне міндетті түрде қатысушы болып табылады.

Алайда экономика мен әлеуметтік дамудың байланысы бұдан да тереңнен басталады. Өйткені адамдар экономикалық қатынастардың да, сонымен бірге

экономикалық және әлеуметтік қатынастардың да мәніне бір уақытта субъектілер ретінде кіреді. Осыны түсіну үшін меншіктің тегінің және қоғамдық институттардың іс-қимылының, нормалары мен ережелерінің ерекшеліктерін білу қажет.[pic 2]

Меншік қатынасының құрылымы күрделі болады. Біріншіден, адам затпен, мүлікпен, игілікпен өзінің немесе бөтен затпен сияқты қатынас немесе объектілік-субъектілік қатынас жасайды. Екіншіден, ол өзінің сол немесе зат меншігіне қатысты басқа адамдармен қатынас немесе субъекті-субъектілік қатынас жасайды. Меншік қатынасы процесінде қоғамдағы құндылықтар жөнінде түсінік қалыптасып, адам өзінің қоғамда алатын орнын жеке бағалайды. Меншік фактісінің өзінен меншікке қатысты басқа адамдар осы заттың меншік иесі болып табылмайды. Алайда бірінші де, сондай-ақ екінші жағдайда да меншік фактісі және демек меншік қатынасы қатып қалған нәрсе емес. Меншік иесі затты уақытша басқа адамға беріп, оны пайдалану мен тұтыну тәртібін реттеу мүмкіндігі, сол сияқты өзінің қалауы бойынша осы заттан бас тартуы да мүмкін.

Нәтижесінде        экономикалық        қатынастармен        қатар        адамдардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, яғни олардың бір-бірімен жасайтын қатынасы адамдардың қоғамдағы мәртебесі, игілік, табыс алу мүмкіндігі де өзгереді. Экономикалық және әлеуметтік билік пен қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгереді. Демек, экономикалық өзгерістер әлеуметтік бір уақытта өзгерістер сияқты болып көрінеді.

Айтылғанның        негізінде        әлеуметтік        өзгерістердің        нарықтың заңдылықтары мен өлшемдеріне бір жақты бағынуы теориялық та, сонымен бірге практикалық жағынан да орынсыз болып табылады. Демек, әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу, экономика мен қоғамның ойдығдай дамуы үшін экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді теңдестіріп, үйлестіріп, біртұтас қарастыру қажет.

...

Скачать:   txt (34.4 Kb)   pdf (130.5 Kb)   docx (24.4 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club