Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

9-20 ғасырдағы философия. Марксизм

Автор:   •  Апрель 11, 2018  •  Реферат  •  1,785 Слов (8 Страниц)  •  1,156 Просмотры

Страница 1 из 8

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

19-20 ғасырдағы философия.Марксизм

 

Кудайберген Асем

202 топ

19-20 ғасырдағы философия. Марксизм

Гегельдің таным теориясы

Гегель идеалистік диалектиканың негізін салушы ретінде, диалектика заңдары мен категорияларын ұсынған.

Неміс классикалық философиясының аса ірі өкілі, ғұлама ойшыл – ең биік шыңы – Георг Вильгельм. Гегель 1770 жылы туылып, 1831 ж. қайтыс болған. Ол академиялық кәсібі философ болған. Берлин университетінде профессор болып, философиядан дәріс оқыған. Негізгі еңбектері: «Рухтың феноменологиясы», «Логика ғылымы», «Философия ғылымдарының энциклопедиясы», «Құқық философиясы», «Дін философиясы» т.б. Гегель философиясында «Абсолюттік идея» туралы ілім басты орын алды. Ол дүниеде өмір сүретін барлық нәрселердің негізі, ұғымдардың қозғалысы – «Абсолюттік идеяның» дамуы деп санады. Табиғат пен қоғам пайда болғанға дейін мистикалық сипаттағы «Абсолютті идея» болған. Гегельдің абсолютті идеясы заттар мен құбылыстардың алғашқы негізі, бастамасы және жаратушысы. Құдай тәріздес. Гегельдің «Абсолюттік идеясының» өзіндік дамуы 3 кезеңнен тұрады. Бірінші бөлімі – «Логика ғылымы». Гегель – шындықтың бейнесі ретінде адамдар ойлап шығарған ұғымды, идеяны ӛз алдына дербес «субстанция» -негіз, бастамаға айналдырады. Ол объективті идеяны табиғатқа дейін қандай болса, солай суреттейді. Идея, рухты алғашқы бастама деп санайды. Логика – «Абсолюттік идеяның» ғылыми теориялық тұрғыдан мойындау. Логика арқылы оның мәні ашылады. Екінші кезеңін – «Табиғат философиясында» баяндайды. Табиғат «Абсолюттік идеядан» туған. Ол «абсолюттік идеяның» өзге болмысы, көрінісі, оның дамуындағы белгілі саты. Дербес өмір сүретін идея ғана. Ал, заттар, құбылыстар – идеяның сыртқы қабыршығы, сыртқы көрінісі. Сондықтан Гегельдің даму туралы ілімі табиғаттың дамуы туралы ғылым емес, табиғатқа айналған идеялардың даму туралы ғылым. Үшінші кезеңі – «Рух философиясы» деп аталады. Абсолютті рух, Гегель бойынша, әлемдік тарихтың мыңдаған жылдар бойы дамуындағы адамзаттың рухани іс-әрекетінің жиынтығы. Абсолютті рухта «Абсолюттік идея» өз дамуының соңғы дәрежесіне жетеді. Ол дәреже Гегельдің философиялық жүйесі, яғни Гегельдің абсолютті идеясы дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Одан әрі танылмаған еш нәрсе қалмайды, таным процесі анықталады. Гегель өз философиясын аяқталған ілім, абсолюттік ақиқат деп санады. Гегель философиясы – сана, рух алғашқы, ал, материя, табиғат екінші, тәуелді дейтін объективті идеализм. Сондай-ақ, Гегель философиясының аса маңызды жақтарының бірі – оның диалектикасы. Диалектика Гегель философиясында идеалистік сипатта өз дамуының жоғары сатысына көтерілді. Дамудың диалектикалық теориясын жасады. Оның айтуынша, даму белгілі бір жүйемен жүреді. Олар: Тезис – Антитезис -Синтез. 1) Тезис – денелердің, құбылыстардың өздігінен пайда болуы. 2) Антитезис – ол денелер дамып, пісіп, жетіліп, содан соң жоққа айналуы. 3) Синтез осы жойылып бара жатқан денелердің кейбір элементтері сақталып, басқа денеге айналуы. Барлық дамудың қайнар көзі – Абсолюттік идеяның өзіндік дамуы. Ол үнемі қозғалуда, өзгеруде және дамуда болады. Оның диалектикасында материя мен қозғалыс бірлігі, кеңістік және уақыттың өзара байланысы, қарама – қарсылықтының күресі мен бірлігі, сан өзгерісінің сапа өзгерісіне ауысуы жан-жақты мазмұнын ашады. Қозғалыстың, өзгерістің және дамудың қайнар бұлағы қарамақарсылықтар күресі, қайшылық арқылы болады дейді. Құбылыстарға тән ішкі қайшылық – дамудың көзі. Қайшылық алға бастырады. Бұл ілім Гегельдің философиясындағы зор табыс, тарихта философияның үлкен алға басушылығы болды. Ұғымдар бір-бірінен өзгеше болып қоймай, олар сонымен қатар бір-бірімен байланыста, «дәнекер» болады. Олар заттар мен құбылыстардың өзара байланысын бейнелейді. Ұғымдардың «дәнекер» болуы туралы ілімі табиғат құбылыстарының байланысында жатыр. Осы диалектикалық принципте Гегель сол кезге дейін ғылым мен философияда үстем болған метафизикалық ойлауды батыл сынап, дамудың жалпыға бірдей заңдарын ашты. Сөйтіп, Гегель философияны диалектикамен байытты, оның диалектикасы терең мағыналы болды. Кез келген зат, сападан және мөлшерлік өлшемнен тұрады. Даму барысында мөлшерлік өзгерістер сапалық өзгеріске алып келеді, сөйтіп, ескі сападан жаңа сапаға өту процесі болады. «Зат өлшемі өзгерсе, оның өзі де өзгереді. Өз өлшемінен өтсе, басқа затқа айналады». Сондай-ақ, Гегель диалектиканың негізгі заңдарын ашып берді. Кез келген дамудың қарамақарсылықтарының күресі арқылы жүзеге асатынын, даму барысында бір ұғымдарды екінші біреулері терістейтінін және өткеннің жаңа жоғары сатыда қайталанатынын көрсетіп берді. Ұғымдар диалектикасының өзара байланысын және бір-біріне өтуінен Гегель шындық дүниенің диалектикасын болжап, көрсете білді. Әдісі – диалектика, философиялық жүйесі – идеалистік. Гегель диалектикасы – бұл Абсолюттік идеяның диалектикалық дамуы, ойлаудың, ұғымдардың диалектикасы. Гегельдің философияда сіңірген еңбегі – ойлауды жан-жақты зерттеп, оның белсендігін көрсетті және таным процесіндегі орнын анықтады. Диалектиканың заңдарын, категорияларын бір жүйеге келтіріп, тұжырымдап берді. 3Диалектика - ежелгі грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда - «пікір таласы, әңгіме жүргізу өнері». Бұл термин осы мәнінде ежелгі кезден Жаңа Заманға дейін қолданылды. Термин немістің классикалық философиясында және әсіресе марксизм философиясында екінші мәніне ие болды, атап айтқанда: болмыстың ең жалпылама заңдылықтары және байланысы туралы ілім. Диалектиканың екі орталық идеясы бар: барлық құбылыстардың өзара байланысы және шексіз болмыстың өзіне тән қайшлықтары әсерінен үздіксіз дамуы

...

Скачать:   txt (26.3 Kb)   pdf (202.2 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club