Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік жұмыстағы маркетинг: мәні мен проблемалары

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Эссе  •  829 Слов (4 Страниц)  •  383 Просмотры

Страница 1 из 4

                                               Эссе

Әлеуметтік жұмыстағы маркетинг: мәні мен проблемалары

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз. «Әлеуметтік жұмыстар» адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс әрекет құбылысы. Бұның бастауы ежелгі дүниеден келе жатқан адам қайырымдылығы мен алдындағы борышты сезінуден, қасіретті жандарға қол ұшы көмегін беру жүйесі қалыптасқан. Дегенмен, арнайы дайындықты қажет ететін бұл әлеуметтік жұмыстар біздің заманымызда ғана қоғамдық кәсіп түрінде танылып отыр. Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстар ыкелесі салаларға бөлінген: ортасы, балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір, есі ауысқандармен жұмыс, кәсіптік дайындық, кәрілер мен жетімдерге қамқорлық, сауат ашу мен білім көтеру, тәрбие түзету мәселелері.Қазіргі кездегі әлеуметтік жұмыссыздыққа келетін болсақ, Жұмыссыздық әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде бұл еңбекке қабілетті және еңбек еткісі келетін халықтың қоғамдық өндіріске тартылмауы. Бұл ең алдымен нарық экономикасының феномені, бірақ мәні жағынан сол қоғамның экономикасының, саясаттың, идеологиясының, моралінің өзіндік қосындысы.

«Маркетинг» ұғымы ағылшыннан «маркет»(нарық) сөзінен шыққан,ал «инг» жалғауы нарық жасаушы дегенді білдіреді. Маркетинг ірі ауқымды өндірістің қалыптасуы және бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайында өнімді өндіру мен өткізуді басқарудың әдісі ретінде бөлініп шықты.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның рыноктық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бейнесі ретінде қаралады. Осы жағдайға байланысты ол-нақты тұтынушылардың,нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға,сыртқы өнім шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы рыноктың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу,баға саясатын қамтамасыз ету,өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру,тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды жолға қою,тағы басқа да шаралар жатады.

Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастардың ықпалымен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі рыноктың шарттары мен талаптарына толық бағынышты болып келеді.

Әлеуметтік маркетинг тұжырымдамасы ұйымның міндеті-мақсатты нарықтардың мұң-мұқтажын,талап-тілегі мен мүдделерді анықтау және тұтынушының ойдағыдай қанағаттануы бәсекелесушілерден  өзге,анағұрлым тиімді және өнімді тәсілдерімен қамтамасыз ету немесе тұтынушы мен қоғамның игілігін нығайту болып табылады. Ол үшін фактордың теңдестірілуін талап етеді,олар:

1.фирма пайдасы;

2.сатып алушының талап-тілегі;

3.қоғам мүдделері.

Осы тұжырымдаманы қабылдау нәтижесінде кейбір компаниялар тауар сатуды едәуір өсіріп,табыстарын көбейтті.

Маркетингтің тәжірибелік қызметін сатып алушы,сатушы және қатардағы азаматтар болып табылатын адамдарға үлкен әсерін тигізеді.

Қазіргі кездегі ғылыми әдістер жүйесінің көп түрлілігі, қоршаған әлемді зерттейтін білімдер жүйесінің көптігіне байланысты болып отыр. Осыған сәйкес классификацияның негізіне алынған әдістер зерттеудің қасиетіне байланысты таңдалады. Олар: қолдану ортасы, қызметтің мазмұны мен мінезі т.с.с. Әлеуметтік жұмыста әдістердің орны мен рөлі маңызды орын алады, классификация бірлестік деңгейі әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасының түріне байланысты. Осының негізінде әдістер жалпы ( философиялық ) әдіс, жалпы ғылыми және арнайы ғылыми әдістер деп бөліп қарастырылады.

...

Скачать:   txt (12.7 Kb)   pdf (88.9 Kb)   docx (11 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club