Әлеуметтану ғылым
Автор: Abzal02 • Сентябрь 20, 2021 • Эссе • 269 Слов (2 Страниц) • 377 Просмотры
«Әлеуметтану бір жағынан адамдардың өзара әрекеттесу құбылыстарын, екінші жағынан осы өзара әрекеттесу үдерісінен туындайтын құбылыстарды зерттейтін ғылым»
П.А.Сорокин
Әлеуметтану ғылымын қазіргі таңдағы әрбәр саналы адам білуі керек деп есептеймін. Әлеуметтану ғылымы жайлы түсініктер өте көп және соның барлығы бір ұғымға бағытталған, яғни ол қоғам және қоғамдық өмір. Кез – келген ғылымды ұғынып жетік білу үшін, әрине ең алдымен оның тарихын білуіміз қажет. Әлеуметтану ұғымын ғылымға XIX ғасырдың ортасында Аугуст Комт енгізгені бәрімізге мәлім. Бірақ осы әлеумет ұғымы сонау б.з.д IV және V ғасырларда антикалық философияда белгілі бір мағынаға ие бола бастаған.
Ежелгі кезден – ақ адамзат баласы тек қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар адамдар арасындағы байланыстарға да қызығушылық танытқан. Адамдар әр түрлі қауымдастықтарда, әлеуметтік топтарда біріге отырып өзара әрекеттесті, яғни әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді біріккен түрде шешісі. Сонымен, әлеуметтану – әлеуметтік өмірді, яғни олардың әлеуметтік жағдайына байланысты мәселелер бойынша әлеуметтік субъектілердің өзара әрекеттесуін зерттейді.
Әлеуметтанудың менің өмірімдегі рөлі орасан зор. Біз күн сайын ерікті түрде болсын немесе еріксіз түрде болсын әлеуметтік процесстерге тап келеміз. Бір күн уақыт ішінде біз адамдар мен ауызша болсын, жазбаша болсын қарым – қатынас жасаймыз. Бұл сыз өміріміздің басты бір мәнін жоғалтқан смяқты болатынымыз сөзсіз. Өйткені әлеуметтік процестер біздің күнделікті қолданатын әдеттерімізге айналған.
...