Әлеуметтану ғылымындағы түрлі ғылыми теориялардың негізгі идеяларын, басты ұғымдарын кесте түрінде салыстыру
Автор: Aida11E • Октябрь 13, 2021 • Реферат • 764 Слов (4 Страниц) • 961 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих, археология және этнология факультеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтану ғылымындағы түрлі ғылыми теориялардың негізгі идеяларын, басты ұғымдарын кесте түрінде салыстыру
Орындаған: Төлеубай Аида
Тексерген: Ноғайбаев Е.О
Алматы, 2021
Теориясы | Идеясы | Ерекшелігі |
Огюст Конттың теориясы (1798-1857) |
Қоғам туралы жаңа позитивті әлеуметтік ғылымның негізін қалап, әлеуметтануды қоғамдық ғылымдардың ең маңыздысы деп түсінген. Оның айтуы бойынша, әлеуметтану – физиканың әлеуметтік қатынастарды зерттейтін саласы. Әлеуметтік физика терминін қолдану – әлеуметтануды нақты ғылымдардың үлгісі бойынша құрғысы келгенін көрсетеді. Оның пікірінше, бұл жаңа ғылым, ақыр аяғында, басымдыққа ие жалғыз ғылымға айналып, әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға қатысты болды. Екеуі де әлеуметтік өмірдің заңдарын іздеуді қамтығанымен, әлеуметтік динамиканы әлеуметтік статикадан маңыздырақ көрген. | Огюст Конт адамзаттың интеллектуалды дамуын 3 кезеңге бөлген:
Конттың әлеуметтануы индивидке бағытталмайды, одан гөрі талдаудың базалық бірлігі ретінде отбасы секілді ауқымды нысандарды қарастырады. Сонымен қатар әлеуметтік құрылымға да, әлеуметтік өзгерістерге де назар аудару қажеттігін айтқан. Кейінгі әлеуметтану теориялары, әсіресе Спенсер мен Парсонстың шығармашылығы үшін маңыздысы – Конттың қоғамның жүйелі сипатына яғни, қоғамның әртүрлі компоненттерінің арасындағы байланыстарына аса назар аударуында. |
Герберт Спенсердің теориясы (1820-1903) | Әлеуметтануда биологиялық және органикалық бағыттың негізін салып, әлеуметтік эволюционизм теориясын ашты. Ол қоғамды үлкен тірі ағзаға теңеді. Қоғамның эволюциялық теориясы - табиғат философиясының құрамдас бөлігі, өйткені әлеуметтік эволюция - әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволоюция заңы басқарады. | Спенсердің айтуы бойынша қоғам дәстүрлі және аграрлы қоғамнан индустриалды, дамыған қоғамға аяқ басқан.Осы теория арқылы қоғамның көптеген функциялары өзгерген. |
Эмиль Дюркгеймнің теориясы (1859-1917) | Негізгі идеясы – қоғамда қалыптасқан құндылықтар иен нормалар, әлеуметтік факт, коллективті сана, яғни адамдардың жасалғаг іс-әрекеті, жалпы әлеуметтік процестер қоршаған ортаның әсерінен туындайды. Оның айтуы бойынша әлеуметтану нақты статистикалық фактілерге сүйеніп тұжырым жасайтын ғылым. | «Суицид» еңбегінде Э.Дюркгейм суицидтің 3 түрін көрсеткен:
|
Карлс Маркс теориясы (1818-1883) | Ғылымға «қоғамдық-экономикалық формация» терминін және қоғамның формациялық даму заңның қалыптастырды. | Марксизм басқа ғғылыми бағыттардан, өзінің таптық қарсылыққа бағытталуымен ерекшеленеді. Және ол қоғам дамуын 5 қоғамдық-экономикалық формацияға бөлген:
|
Макс Вебердің теориясы (1864-1920) | Вебердің пікірінше « барлық қоғамдық анституттар, құрылымдар, мінез-құлық нысандары оларға адамдар берген мән-мағына нәтижесінде реттеліп отырады» Адамның субьективті мәні жалпыға айналып үлгілі түр пайда болады. Әлеуметтану дегеніміз адамдардың әлеуметтік әрекетін реттеп отыратын осы үлгілі түрлер туралы ғылым. | Вебер әлеуметтік теориясында себептілік пен «түсіну» біртұтас болу принципіне үлкен мән берген. Вебер алғаш рет капитализм тек батыста протейантизм және кальвинизмнің тарауымен байланысты пайда болды дейді. Вебер бойынша идеалдық тип өмір шындығын бейнелейді. Бұл жалғыз жарым фактілерді жүзеге алу түсінудің құралы. Мазмұны жағынан Вебер идеялары қоғамдық-экономиқалық формациялар туралы маркстік ілімге қарсы бағытталған. |
...