Ұлы дала ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары
Автор: elnur_alikhan • Октябрь 25, 2022 • Реферат • 2,332 Слов (10 Страниц) • 1,032 Просмотры
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ[pic 1][pic 2]
“Қазақ тілі және Әлем тілдері институты” факультеті
6В02302-Филология мамандығы
БӨЖ
Тақырыбы:Ұлы дала ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары
Орындаған: 101- топ студенті
Бердіқұл Ақерке
Қабылдаған:Бақытжанова А.А
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Ұлы Дала ойшылдар
Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік көзқарасы
Ш.Уәлихановтың экономикалық және әлеуметтік реформалар бойынша пікірі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеу жұмысының мақсаты:Ұлы Дала ойшылдарының әлеуметтік –экономикалық көзқарастарын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеті: Ойшылдардың әлеуметтік және философиялық көзқарастарына шолу жүргізу.
Зерттеу нысаны: Ш.Уәлихановтың ғылыми әлеуметтік көзқарастарын оқырманға жеткізу.
Зерттеу пәні: әлеуметтану
Түйін сөздер: Ұлы дала ойшылдары, реформалар, әлеуметтік-экономикалық көзқарастар.
Аннотация
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов - Қазақстанда, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің "Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды" дегеніндей, Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып
қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Аннотация
Как первый путешественник из Казахстана, Чокан Валиханов внес вклад в изучение Казахстана, Восточного Туркестана, Средней Азии. Чуткость и способность Шокана восхищали его друзья и учителя в той среде, в которой он учился, и его коллеги, с которыми он впоследствии сотрудничал. Как писал известный востоковед Н. И. Веселовский, "Чокан Чингизович Валиханов в востоковедении светился как звезда, так и отсутствовал", в Тридцатилетней жизни Чокана до этого не исследовались или были раскрыты лишь некоторые моменты он написал много произведений, рассмотрев актуальные для этого времени общественно-политические темы.
Annotation
As the first traveler from Kazakhstan, Chokan Valikhanov contributed to the study of Kazakhstan, East Turkestan, Central Asia. Shokan's sensitivity and ability were admired by his friends and teachers in the environment in which he studied, and his colleagues with whom he subsequently collaborated. As the well-known orientalist N. I. Veselovsky wrote, "Chokan Genghisovich Valikhanov shone like a star in Oriental studies, and was absent," in the Thirty-year life of Chokan, only some moments had not been investigated or revealed before he wrote many works, considering the socio-political topics relevant for this time.
Адамзат баласының асыл армандарының бірі келешек өмірді жалғастыратын өнегелі ұрпақ тәрбиелеу болса, ол арман халқымыздың өрелі ойы, тағылымды тәлімі және терең тарихындағы рухани құндылықтармен үндесіп жатады. Рухани-адамгершілік тәрбие жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған, жағымды мінез-құлықтағы адами тәртіп пен дағдыны қалыптастыратын гуманистік негіздегі жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі. Жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру түптеп келгенде халықтың өмір тәжірибесінен, ұлттық құндылықтардан бастау алады, сөйтіп, педагогикалық сипатқа ие болады. Сол себепті студент жастарды қазіргі рухани жаңғыру жағдайындағы адамгершілікке тәрбиелеуде Ұлы дала ойшылдарының асыл мұраларының орны ерекше. Халқымыздың ұрпақ тәрбиесі тарихта болған ойшылдардың философиялық көзқарастарының, даналық сөздерінің, салиқалы ой-пікірлерінің негізінде дамып қалыптасты және олар адамгершілік идеяларына бағытталып, ұрпағының жақсы адам болуын нысана тұтты. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі өнеге мен өсиетке негізделген нақыл сөздер, тәрбиелік иірімдер ұлттық келбет пен ұлттық мінезден туындап отырған. Бұл дәстүр ата-бабаларымыздың сара жолы, болашақ ұрпағына қалдырып кеткен аманаты және ұлттық мұраты, адамгершілік тәрбиесінде халық тәжірибесінің, дала даналарының ой-пікірлерінің орны ерекше болуы да осыдан.
...