Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сот билігінің конституциялық негіздері

Автор:   •  Сентябрь 7, 2022  •  Реферат  •  2,152 Слов (9 Страниц)  •  537 Просмотры

Страница 1 из 9

XII. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1. Сот билігінің конституциялық негіздері

 

Сот билігінің ұғымы және сот төрелігін жүзеге асырудың конституциялық принциптері.

Сот билігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 және 4 баптарына сәйкес біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағын құрайды. Аталған билік тармағының конституциялық реттеудің жеке пәні болып танылуы сот билігінің мемлекеттік биліктің құрамдас бөлігі болып табылатындығымен түсіндіріледі. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Сонымен бірге соттар Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Сот билігінің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны биліктерді бөлу жөніндегі конституциялық ережелермен анықталған.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттар өзіне тиесілі билікті Республика атынан, ешкімнің еркінен тыс және Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады. Сот билігінің дербестігі судьялардың тұрақтылығы, оларға ешкім тиіспеушілігі, сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейтіндігі және нақты істер бойынша судьялардың есеп бермейтіндігінен көрінеді. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық, заңмен белгіленген және басқа нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Соттардың үкімдері, шешімдері және басқа қаулылары, сондай-ақ заңды талаптары, өкімдері, т.б. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, барлық мемлекеттік ұйымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Сот билігін ұйымдастыру мен қызмет етуінің конституциялық-құқықтың негізі Конституциялық нормалар және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заңы болып табылады.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституция тұнғыш рет сот төрелігінің негізгі принциптерін құрады. Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады. Бұл ретте сот төрелігі прициптерінің соттар туралы заңдардың қалыптасуында, адам және азаматтың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айта кету керек. Сот төрелігі принциптерін сот билігін ұйымдастырудың конституциялық принциптеріне және сот ісін жүргізудің конституциялық емес принциптеріне бөлуге болады.

Сот билігін ұйымдастырудың конституциялық принциптеріне мыналар жатады:

1) зандылық;

2) судьялардың ауыстырылмайтындығы және тәуелсіздігі;

3) тек Конституция мен заңға бағынатындығы;

4) судьяларға ешкім тиіспеушілігі;

5) соттық анық-танығына жетудің жариялығы;  

6) заң мен соттың алдында баршаның бірдейлігі;

7) соттық қорғаудың кепілдігі.

Республика Конституциясында сот төрелігін іске асыру кезінде  судья басшылыққа алуға тиіс негізгі принциптер бекітілген:

1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;

...

Скачать:   txt (34 Kb)   pdf (119.2 Kb)   docx (15 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club