Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР Конституциялық құқығының негіздері

Автор:   •  Сентябрь 10, 2021  •  Контрольная работа  •  1,640 Слов (7 Страниц)  •  282 Просмотры

Страница 1 из 7

Иманқұлов Шынғыс  19-03 ЖЭ

2 апта  2-тақырып. ҚР Конституциялық  құқығының негіздері

1. Конституциялық құқықтың түсiнiгi, пәнi.

Ж/бы;Құқық жүйесінің басты саласы–конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол “мемлекеттік құқық” деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқык, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, каржы құқығы және т.б.

2. Конституциялық құқықтық нормалар: олардың түрлерi және ерекшелiктерi.

Ж/бы;Құқық нормалары дегеніміз - құзіретті мемлекеттік органның атынан шығарылатын ресми актілерде бекітілген, міндетті мінез-құлық ережелері, құқық жүйесінің бастапқы элементі.

Белгілері:

  • мемлекет шығарады және бекітеді.
  • құқық беру және міндеттеушілік сипатта болады.
  • құқықты іске асыру мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі.
  • қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып танылады.
  1. Реттеуші нормалар—құқықтық қатынасқа түсушілерге құқық беру және міндеттер жүктеу арқылы мемлекет пен қоғамға пайдалы мінез-құлықты белгілейді
  2. Құқық қорғаушылық нормалары — мұндай нормалардың талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу қарастырылған

3. Конституциялық-құқықтық қатынас: олардың субьекттерi, түрлерi, өзгерту және тоқтату негiздерi.  

Ж/бы; Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.

  • Конституциялық құқықтық субъектілері – бұл конституциялық – құқықтық қатынасқа қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең: бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жџктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат,сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.
  •  Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы әрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа тџсуі

4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы түсінігі. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері.

Ж/бы;Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы.

Конституцияда Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген. Олар:

  • халықтық билік,

  • мемлекеттік егемендік,

  • біртұтастық,

  • биліктерді бөлу принципі,

  • құқықтың үстемдігі,

  • мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу,

  • идеологиялық және саяси әр алуандылық және т.б.

5. ҚР Президентiнiң конституциялық өкiлеттiктерi және ҚР Президентiнiң актiлерi.

Ж/бы; 4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi

      1. Республика Президенті бес жыл мерзімге сайланады.

      1-1. Кезектен тыс сайлауда сайланған Республика Президентінің өкілеттігі кезектен тыс сайлаудан кейін бес жылдан соң желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті сайлауда сайланған Республика Президенті лауазымына кіріскенге дейін жүзеге асырылады.

      2. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.

...

Скачать:   txt (25.3 Kb)   pdf (256.6 Kb)   docx (520.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club