Менің саясаткерім
Автор: roma02 • Январь 25, 2020 • Эссе • 324 Слов (2 Страниц) • 874 Просмотры
Геодезия және картография
Орындаған: Ғани Рамазан
Қабылдаған: Мұстафин Б.E.
Менің саясаткерім
Қазіргі таңда әлемде саясаткерлер көп. Олар өз саясаттарымен көптеген істерді жүргізеді. Менің саясаткерім Қасым - Жомарт Тоқаев. Президентіміз
Қ-Ж.Тоқаев өз ісінің маманы, әрі мықты саясаткер. Ол өзінің тапқырлығы, ұшқыр ойының және өз саясатын қолдану арқылы біраз жетістіктерге жеткен ұлы тұлға.
Саясеткерлер бір-бірінен ұстанған саясаттары арқылы және халыққа жақын ұсыныстары арқылы ерекшеленеді. Қасым-Жомарт Тоқаев – саяси ғылымдар докторы. Халықаралық қатынастар бойынша тоғыз кітап пен бірнеше мақалалардың авторы. Қазақстан саясатына үлкен бір үлесін қосқан тұлғалардың бірі. Қазақстанның саяси құрылымына қатысты көзқарасы: «Күшті президент, ықпалды Парламент, есеп беруші Үкімет»,-деп 2014 жылғы 24 қарашада Астанада өткен парламенттік конференцияда мәлімдеген болатын.
Қ-Ж.Тоқаев жерді жалға беру, сату жөнінде 2016 жылғы 29 сәуірде Сенатта өткен жиналыста «Жердің шетелдіктерге сатылмайтындығы туралы айтып қана қоймай, бұл мәселені айналып өткісі келетіндерге тосқауыл қою үшін заңның осы ережесін құқықтық тәсілдермен іске асыру керектігін айтты». Елбасымыз еліміздің латын әліпбиіне көшуіне көптеген еңбек сіңірді. Еліміздің нығаюына, дамуына көп үлесі тиді. Осы аралықта өзінің мықты саясаткер екенін көрсете білді және осындай көрегендігінің арқасында елімізді басқарып отыр. Көптеген елдермен қатынасты жақсартты. Қазақ халқының ертедегі құндылықтарының жоғалмауыына күш салуда. Елімізді қай жағынан болмасын алды шығарып, дамытуда. Маған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанған саясаты осынысымен ұнайды. Елді ақылмен басқара отырып, халықты өзіне қарата білу.
...