Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің ойымша, модуль дегеніміз не?

Автор:   •  Октябрь 9, 2020  •  Эссе  •  353 Слов (2 Страниц)  •  487 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

Тақырыбы: Менің ойымша, модуль дегеніміз не?

                    Модульдің менің таңдаған мамандығыммен байланысы. Орындаған: Берикканова Еркежан, СС – 001

2020 жыл

      Модуль дегеніміз – тұтас жүйенің бір бөлшегі, негізгі заңдылықтарды ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтер жүйесі.

Жалпы, модуль бұл жеке, аяқталған кәсіби дайындық бірлігі деп білемін, оған қол жеткізу алдын-ала шарттар мен оқу мақсаттарын сақтау арқылы жүзеге асады, бақыланады және бақыланатын және сертификатталған нәтиже алуға мүмкіндік береді деп ойламын. Менің ойымша, модуль ол адамның ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне, қандай іске қызуғышылығы барына қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне, оқуына берілген дидактикалық құрылым. Бұл деген адам өзін-өзі дамытуы, дамытудың жолы, әрекеті деп білемін.

         Модульдің менің мамандығыма қандай байланысы бар?

Менің болашаққа, өзіме кәсіп қылып, өз еркіммен қалап таңдаған мамандығым «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы. Жалпы, «стандарттау және сертификаттау» деген қандай мамандық? Қандай қызмет атқарады? Не үшін қажет? Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін жаңа прогрессивті технологиялар өндіру, сақтау, тасымалдау және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және мал шаруашылығы сияқты салалар дамып, қазақ елінде түрлі өндірістер іске қосылды. Кәсіпорындардың дербестігін арттырғандықтан әзірлеушілер, өндірушілер, тұтынушылар, мемлекеттік органдар және аймақтық басқару арасындағы құқықтық қатынастарды мемлекеттiк реттеу қажеттігі және де бірінші кезекте адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіпсіздігін арттыру күшейтіп отыр деп ойлаймын. Осы себептен, және де тұтыну нарығының өсуіне әрі тауарлардың әртүрлілігіне байланысты менің болашақ мамандығыма, яғни стандарттау және сертификаттау саласындағы мамандарға деген сұраныс артуда деп ойлаймын. Бұл мамандық менің қызығушылығымды арттырғандықтан, бұл мамандыққа деген қабілетім болса, соны модульдік қызығушылық деп атар едім.

Өз ойымды қортындылай келе,бұл  кәсіби қызметінің саласы болып өндіруші мен тұтынушы үшін  өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне, өнімдер мен қызметтердің жоғары экономикалық тиімділігіне бағытталған, яғни жоғарыда айтып өткендей бақыланатын және сертификатталған нәтиже алуға мүмкіндік береді деп ойламын. Қазақстандағы азық-түлік өнеркәсібін дамыту, ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету, тамақ өнімдерінің сапасын жақсарту, оның қандай дәрежеде істелгенін анықтау, ақыр соңында, күрделі азық-түлік өнімдерін өндіруді басқару  техникалық реттеу жүйесінің оның ішінде стандарттаудың қатысуынсыз мүмкін емес деп ойлаймын. Менің болашақ мамандығым өз-өзіңді дамытуға ғана емес, Қазақстан Республикасының дамуына біраз болсада үлес қосатынына сенімдімін.

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (49.5 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club