Достық пен бауырластыққа 30 жыл
Автор: nazira.almas • Сентябрь 30, 2021 • Реферат • 264 Слов (2 Страниц) • 388 Просмотры
Достық пен бауырластыққа 30 жыл
Қазақ даналығында «Бірлік түбі-тірлік» деген өмірлік мәні зор ғылыми тұжырым бар. Бірлік арқылы елдік сана биік болып, татулықтың арқасында мемлекеттің іргетасы биік қаланады. Қазақтың қатпарлы тарихына үңілгенде ата-бабамыз ғасырдан-ғасырға жалғасқан әлеуметтік тәжірибеге сүйене отырып, бірлік пен татулыққа ерекше мән берген.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жыл ішінде біз алыптармен достастық және желкенімізді қайда бұратынымызды білдік. Тәуелсіздіктің ақтаңынан басталған Алматы мен Францияның Ренн қаласының арасындағы бауырмалдастық қазіргі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Екі ел арасындағы достықтың мерейлі 30 жылдығына орай, Лоран Маэ велошеру өткізген болатын. Лоран Маэ 3,5 ай ішінде 15 елді аралап, 9 мың шақырымды жүріп өтіп, Алматы қаласына келіп велошеруді аяқтады.Ренн қаласы Алматымен ынтымақтастық пен достықты одан әрі нығайтуға ниетті. Лоран Маэнің адами және спорттық ерлігі – осының айқын дәлелі болса керек.Қазақстан тәуелсіздік алған кезде жасалған Ренн және Алматы қалаларының бауырластығының 20 жылдығына орай Ренн қаласындағы Теңіз саябағында Қазақстан қаласының құрметіне аталған аллеяның салтанатты ашылуы өтті. Бұл шын мәнінде символикалық күн, екі қаланы қолдайтын достық қарым-қатынастар үшін жақсы белгі болған болатын.Ал осыдан бес жыл бұрын Ренн қаласындағы «Алматы» бағында бауырластықтың 25 жылдығына орай қазақтың ұлы философы мен ойшылы Абайдың бюсті ашылған еді. Сонымен бірге қазіргі күнде екі елдің отбасылары бір-біріне қонаққа барып, өзара дәстүр мен тұрмысты кеңінен тануда, қалалар мектептері арасында ынтымақтастық қалыптасуда.
...