Адай жылқысы
Автор: nurjan1989 • Февраль 26, 2018 • Реферат • 465 Слов (2 Страниц) • 1,457 Просмотры
Адай жылқысы
Адай жылқысы – салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы. Бұл жылқының эвол. даму жолы өте күрделі. Мініске шыдамдылық, желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып келуі араб тұқымды жылқыларға ұқсастығын, Түрікмен жылқысы – Ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүріп, күтім талғамайды. Адай жылқысының мойны қысқа омыраулы, арқасы түзу, сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты болып келеді. Шоқтығының биікт. 140,3 см, тұрқы 142,7 см, кеуде орамы 163,3 см, жіліншіктің орамы 17,6 см. Еті жоғары сапалы, ет түсімі – 52 – 58%. Тәулігіне орта есеппен 8 – 11 л сүт сауылады. Жүйріктері ұзаққа шабады, 40 – 50 км-ге шаршамай еркін жетеді. Адай жылқысы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында өсіріледі.
Адай жылқылары әлемдік ареналарда алдына қара салмай, ел назарын өзіне аудара бастады. Ол - тағдыры мен тұрмыс-тіршілігі жылқы түлігімен тамырлас қазақтың байтақ даласында сақталған қылқұйрықтың бір түрі. Халқымыздың бағзы тарихынан қалған табиғи таза тек. Адай жылқысының бойы биік, өзі сұлу, мойыны ұзындау, шоқтығы да биік, арқасы мен сауыры ұзын әрі салыңқы, етсіз аяғы жуан, құйма тұяқты болып келеді. Адай жылқысын кезінде орыс ғалымдары да зерттеген екен. Я. Полферов, Г.Сизонов, Ю.Барминцев сияқты ғалымдар қазақ жылқысына ерекше қызығушылық танытыпты. Алғашқысы 1899 жылы Ресейдің «Конезаводство» журналында «Лучшие породы киргизской лощади - Адай» атты мақала жариялап, қазақ жылқысының атын әлемге танытуға алғашқы қадам жасаса, соңғысы: «Адай жылқылары қазақ жылқыларының басқа тектерімен салыстырғанда ең ірі тұқымдарының бірі болып табылады», деп бағалаған екен. Ал қазақстандық ғалымдар - А.Иманғалиев «Адай жылқысы» кітабын жарыққа шығарса, М.Нұрышевтың монографиясы академик И.Нечаевтің ықыласына ие болады. Маңғыстау облысында біраз жыл осы салада басшылық қызметте болған Сәбит Әбішев есімді азамат Адай жылқысын танытуға, зерттеуге біраз тер төгеді. Сәбит Әбішевтің зерттеуіне сүйенсек, орыс ғалымдарының қазақтың бұл жылқысына аңсары аууы әріден басталғанын айтады. Бүгінде Адай жылқысының тұқымы Орынбор, Қазақстанның Торғай өңіріне және батыс бөлігіне кең таралған. Кезінде Адай жылқыларын әскери бағытқа бейімдеп өсіру үшін Торғайдан 3 зауыт ашып, оған Маңғыстаудан біраз жылқы кетеді. Сондай-ақ төрт түлік малы Маңғыстау даласына сыймаған ірі байлар өзге аймақтарға жайыла қоныс тебеді. Айтулы байлар батыс өңірді жайыла қоныс еткен 1868-1870 жылдары олармен бірге Адай жылқысының 47 пайызы кетеді де, қалған бөлігі Маңғыстауда қалады екен. Қазіргі әлемдік додаларда қазақтың атын шығарып, олжа салып жүрген жүйіріктер - осы қалған жарты бөліктің тұқымдары көрінеді. Адай жылқысы туралы осыған дейін танылмай келді. Соңғы жылдары әлемдік ареналарда оза шауып жүлде ала бастағаннан кейін барып, ел назары қайта ауа бастады. Соңғы кездері Адай жылқылары Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағын биікке көтеріп, айтулы жарыстардан алтынмен оралып жүр. Міне, осындай өзімізде бар керемет асыл тұқымды жылқыларымызды біреу білсе, біреу біле бермейді. Болашақта Бүкіл дүниежүзіне белгілі ағылшын мен араб жылқыларының деңгейіне Адай жылқысы да көтеріледі деген үмітіміз бар. Тарихи-мәдени ескерткіштер сияқты Адай жылқысы да бабадан бізге жеткен асыл мұра. Сондықтан атқұмар азаматтарға шетелден араб, ағылшын жылқыларын елге тасығанша, өз еліміздегі, өз қорамыздағы Адай жылқысын өсіруге, тұқымын асылдандыруға күш салу керек.
...