Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үлкен қалалар және рухани өмір

Автор:   •  Октябрь 19, 2023  •  Творческая работа  •  534 Слов (3 Страниц)  •  228 Просмотры

Страница 1 из 3

Үлкен қалалар және рухани өмір

Елімізде үлкен қалалар мен шағын аудандардың, ауылдардың арасындағы айырмашылық бар екені белгілі. Ол айырмашылықтарды барлық жағынан:  саяси-экономикалық, білім беру саласында, денсаулық сақтау, кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің дамуы, тәлім-тәрбие, ұлтты тану жағынан байқауға болады. Барлық мәселелер адамның материалдық жағдайы мен рухани өмірін қарастырады. Әсіресе, біздің мәдениетіміз бен рухани танымымыз, ой-санамыз осы географиялық аймағымызға байланысты бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Ең алдымен берілген очеркке сәйкес қала тұрғындарына тоқталып өтейік.

 Рухани танымымыз өміріміздің негізін қалаушы фактор. Бұл фактор біздің қалай қалыптасқанымызды және қандай адам екенімізді көрсетіп тұрады. Рухани танымымыздың құрылымы очерк бойынша мыналардан тұрады: жүйке жүйеміздің күшеюі, яғни салқынқандылықты дамыту; қалалық өмір барынша ақылға сүйеніп, мәселеге интеллект тұрғысынан қарауға бағдарлайды; қалаларда қаржылық экономика, қаржылық сауаттылық және қаржылық қарым-қатынас жақсы дамыған, әрі бұл экономикалық индивидті дамытуда басты рөл атқарады; қалалық өмірге әбден сіңіп кеткен немқұрайлылық; қала адамдарының тұйықтығы олардың өзіндік еркіндігін сақтауға көмектессе, ауыл тұрғындарында байланыс орнатуға ұмтылу көбірек байқалады; жекешеленуге, ерекшеленуге күрес, қала адамдарының есте қаларлық тұлға болуға ынтасы, бұл қоғамда да және еңбек нарығында да бірегей тұлға болуға талпынысы[1,4,5].  Мінеки, осы белгілер мегаполис пен руханилықтың арасындағы байланысты айқындайды. Қала адамдарының өмірлік ұстанымдарындағы ерекшелікті көрсетеді. Автордың суреттеп отырған қала индивиді әлем романындағы басты кейіпкерлерге ұқсайды. Олардың сыртқы әлемге салқынқандылығы мен ішкі әлемінің құпиялылығы қайталанбас тұлға ретінде танытады. Сонымен қатар, бұл кейіпкерлер адамзат тағдыры мен әлемнің өзгерісіне көп алаңдаулы, әрі жаңалыққа құмар және жаңашыл ойларды қалыптастырушы адамдар ретінде қарастырылады[1].

Автор үлкен қала тұрғынының "қорғаныс қабаты" мен "қоршаған әлемді бұлыңғыр қабылдауы" туралы жазғанда, ол дәл осы қала адамдары туралы әлсіз нұсқаға тым жақындайды және үлкен қала тұрғынына тән пропорционалдылық сезімін елемейді, яғни бұл сыртқы жағдайлардың субъективті жағы. Біз үлкен қалалар адамдары, басқалармен қатар, жұмыс орындарының, білім беру мүмкіндіктерінің, таныстардың, тұтыну тауарлары мен саяси жаңалықтардың алып іздеушілері екенін және мұндағы рухани өмір үнемі жаңа көзқарас, жаңа сезімге ұмтылатынын ұмытпауымыз керек. Бұл рух адамды "көшенің әр өткелінде" сүйемелдейді» - деп, сыншы Г.Хельд өзінің «Қалалардың өзіндік логикасы» атты еңбегінде көрсеткен[2,5].

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (62.3 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club