Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Автор:   •  Октябрь 21, 2022  •  Доклад  •  678 Слов (3 Страниц)  •  298 Просмотры

Страница 1 из 3

                                                     

     Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

 Сыбайлас жемқорлық – бүкіл әлемдегі прогресстің тежелуінің басты себебі болып табылады. Коррупцияның басты салдары – бүкіл әлемдегі кедейліктің кең етек жаюы. Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық әрбір салада өз орнын табады: билік органдарында, азаматтық қоғамда, сот органдарында, ірі және шағын бизнесте және тағы да басқа қызметтерде. Сыбайлас жемқорлық елдердің бай-кедейлігіне қарамайды, әсіресе халықтың кедей және орта тобына қатты соққы береді.Қысқаша айтқанда , сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы үлкен әлеуметтік қасіреттердің бірі. Сонымен, коррупция деген не? Оның басты себептері неде? Коррупцияға қалай қарсы тұра аламыз?

  Ең алдымен «коррупция» сөзінің мағынасы мен терминнің шығу тарихын талдайық. «Corruptio» - латын тілінен аударғанда «параға сатып алу» деген мағынаны береді. Коррупция мәселесі қозғалатын еңбек болып «Артхы-шастра» трактаты саналады. Бұл біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі Индия жеріндегі Маурье мемлекеті императорының кеңесшісі – Каутилья-ның саясат пен экономика туралы жазған еңбегі. Бұл еңбекте ел мүлкін ұрлау мен бұл қылмыс үшін тағайындалған жаза туралы айтылады. "Артха-шастра" қоғамның дұрыс әлеуметтік құрылымы туралы айтылған ең жақсы ескерткіштердің бірі болып саналады.

 Коррупцияның белгілері ежелгі Мысырда да кездеседі. Ақсүйектер қауымында өзінің билігін асыра пайдаланып, қарапайым жұмысшыларға қарсы заңсыз әрекеттер жасайтын топтар көп болған.Жоғарғы сотты «сатып алу» мүмкінлігі болған, яғни, сотқа «пара беру» арқылы сот төрелігін өз ыңғайларына қарай бұрмалап алған.

 Сыбайлас жемқорлыққа мысалдар өте көп, біздің мемлекетімізден де табуға болады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы жеңіл метрополитен. Өкінішке орай, бұл жоба жемқорлардың кесірінен жабылған болатын.Бір жарым миллиард АҚШ доллары жұмсалған бұл жобадан тек бірнеше шақырымға созылған бос бағаналар қалды. Жобаны еліміздегі ең үлкен «Сыбайлас жемқорлықтың» ескерткіші деп те атайды. Расымен де, бұл жоба еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың кең етек жаюының басты белгісі болып саналады.  

  Коррупция - қызметкерлердің өз өкілеттігін жекебасының мүддесі үшін асыра пайдаланудан орын алады. Коррупцияның басты механизмі- пара беру. Оның ең басты қаупі- таралуында,яғни ешқандай шектеулердің қойылмауында.Коррупцияны лауазымды тұрғалар мен саяси сатқындығы  болып табылады.Лауазымды тұлғалардың өз мүдделерін халық мүддесінен жоғары қойып, ашкөздікке салынуынан мемлекет дамуында көптеген тежелілер байқалады.Коррупция – халықтың дамуына қарсы үлкен «барьер» деп санаймын. Халықтың белсенді топтарының мүмкіндіктерін шектейді.

Өкінішке орай, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты толықтай жою мүмкін емес, алайда оған қарсы тұрудың көптеген жолдары бар:

 Біріншіден, аталған қылмысқа қатысты көз жұма қарауды тоқтату. Сыбайлас жемқорлық- ауыр қылмыс, ауыр қылмыс үшін ауыр жаза қолданылуы тиіс;  

 Екіншіден, азаматтардың құқықтарын кеңейту.Мысалы, қарапайым халықтың жемқорлыққа қарсы күрестегі мүмкіндіктерін көбейту арқылы азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуға болады. Кейбір мекемелерге мониторинг жүргізу арқылы біз қаражаттың белгісіз жоғалуының себептерін анықтауға мүмкіндік аламыз;

...

Скачать:   txt (9.7 Kb)   pdf (73.3 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club