Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Біз жемқорлыққа қарсымыз

Автор:   •  Ноябрь 24, 2020  •  Творческая работа  •  1,075 Слов (5 Страниц)  •  386 Просмотры

Страница 1 из 5

                                    Біз жемқорлыққа қарсымыз!

Жоспар:

1.Бәйтерек тамырына түскен құрт - жемқорлық

2.Жемқорлық – қоғам дерті

3.Жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан күрес

4.Біз жемқорлыққа қарсымыз

5.Жемқорлық – індет, алдын алу – міндет

 Қазір әлем қарыштап дамуда. Адамдар тіліне, дініне, мәдениетіне, ұлтына қарай топтасып бөлініп, өз алдына мемлекет құрып, әр мемлекет өзіне президент сайлап, халқын бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару үшін, халықты тәртіппен ұстап тұру үшін әр мемлекет өз атазаңын құрып, соған сай әрекет ете отырып, алға жылжуда, дамуда.

 Жалпы адам баласы даму үшін оны жетелейтін, тәртіпке бағындыратын басшы болуы керек. Себебі, адам қанша өз бетімен өзіне шектеу қойып, яки талап қойып, сол шектеуге бағынып, талаптанғанымен, күндердің күнінде жалқаулыққа беріліп, яки сағы сынып, бәріне қолын бір сілтеуі немесе өз нәпсісіне ерік беріп қоюы мүмкін. Сондықтан оны басқарып, бұйырып, жалқаулықтан, бос сандалудан тыйып отыратын екінші адам, яғни басшы керек. Міне, бірін – бірі басқарып, осылайша билік табы құрылады. Билік басындағылардың міндеті – қоластындағы қызметкерге әділеттілікпен қарап, жасаған жұмысына, қызметіне сай еңбек ақысын тағайындап, қоластындағы қызметкердің жұмысын пайдала отырып, мемлекеттің дамуына үлес қосу.

 Мемлекет деген алып бәйтерек іспетті. Бәйтерек алып, әрі берік болады. Тамырын тереңге жаяды. Бәйтерек қанша биік, алып, сәнді болғанымен, ол да топырақтан нәр алып, сумен сусынданады. Тамыры сол суды сіңіріп, бәйтеректің бойына дарытады. Сонда бәйтерек гүлденеді. Бәйтерек гүлдену үшін тамырына құрт түспеуі, сау болу тиіс. Сол тәрізді мемлекет гүлдену үшін әр дәрежедегі басшыдан бастап, тіпті қарапайым мұғалімнен бастап, сонау министрге дейін ниеті түзу болып, өз қызметін асыра пайдаланбай, адал жұмыс істеуі тиіс. Бәйтерек топырақ пен судан нәр алғандай, мемлекетте қара халықтан нәр алып, қара халықтан құралады. Мемлекет халықты бағады, халық мемлекетті бағады. Бұл тығыз байланысты ұғым. Дегенмен қашан да болсын байланысқа жік түсірушілер болады. Бұл байланысқа жік түсіруші, бәйтеректің тамырына түсетін құрт – жемқорлық емес пе?!

 Жемқорлық, корупция(лат. сатып алу) дегеніміз – мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы, мүддесі қшін пайдалану мақсатында жасалған қоғамға қауіпті іс – әрекеттері. Жемқорлық – қоғам дерті дер едім. Себебі, вирустың адам ағзасына жұғып, адамды ауыруға шалдықтырып, ішкі – сыртқы ағзаны бүлдіріп, жүріс – тұрысын баяулатқаны тәрізді, мемлекеттің де жемқорлық ішкі – сыртқы экономикасын, саясатын тұралатады. Тіпті мемлекетті жойып жіберу қаупі бар.         Оған дәлел қаншама?!

 Ғаламтордан қарап отырсам, белгілі бір сайытта « халқаралық валюта қорының мәліметі бойынша, сыбайлас жемқорлықтың салдарынан әлемнің жалпы ішкі өнімінің 2% - ы, яғни 1,5 – 2 триллион доллар қаражат жоғалады екен. Ал Қазақстанда жыл сайын шамамен 3,8 миллиард доллар қаражат жоғалады. » десе, енді бір сайыттағы мәлімет бойынша Қазақстан әлем бойынша, нақтырақ айтқанда 180 елдің ішінде сыбайлас жемқорлықтан 122 орында тұр екен. Бұл дегеніміз әлі де болса елімізде жемқорлықтың белең алып жатқаны. Бір өкініштісі  жемқолық үкімет басындағылардың арасында және жоғарғы оқу орындарындадағы ұлағатты ұстаздардың, жастардың қадірлеген бағыт – бағдаршыларының арасында белең алып жатқаны. Оған дәлел осыған дейін пара алумен ұсталған министрлер, нақтырақ айтқанда экс – министр Қуандық Бишембаев, вице – министр Эльмира Суханбердиева тағы да басқа билік орнындағылар және құлағымызбен естіп, көгілдір экраннан көріп жүрген жағдайлар. Сондай – ақ, Transparecy Kazakhstan қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиянның айтуы бойынша, жемқорлық жиі тіркелетін «үздік» үш облыс: қарапайым тұрғындардың пікірінше, ол – Жамбыл, Атырау,Алматы, ал кәсіпкерлердің пікірінше, ол – Алматы, Нұр – Сұлтан, Шымкент қалалары. Тіпті менің естуімше, барлығы демесем де, көптеген жоғарғы оқу орындарында жастар грант иелену үшін, я болмаса грантты қорғап қалу үшін емтиханнан өтпей қалған жағдайда сол жоғарғы оқу орнындағы ұстаздармен пара беру, пара алу, яғни жемқорлық орын алады.

...

Скачать:   txt (14 Kb)   pdf (67 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club