Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Когнитивтік лингвистика

Автор:   •  Декабрь 5, 2021  •  Реферат  •  378 Слов (2 Страниц)  •  299 Просмотры

Страница 1 из 2

Когнитивтік лингвистика-жеке ғылым саласы

Когнитивтік лингвистика – адамның қоршаған орта, әлем тұрғысындағы білімінің, жалпы ақпараттардың санада қабылдануы, өңделуі және сақталуы механизмдерін табиғи тілдік деректерді зерттеу арқылы анықтау мақсатын көздейтін тіл білімінің бағыты.

Когнитивтік лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып білудің ғылыми теориялық негіздерін қарастырады. Сондықтан когнитивтік лингвистика тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным үдерісіне қатысты білімін тереңдетеді, тәжірибесін молайтады.                                                                                  

          Когнитивті ғылым ақпарат ұғымымен етене жақын, ақпараттың есте сақталуы, қажетті ақпаратты алу, ақпараттың санада тұрақталуын тілдік аспектіде қарастырады. Когнитивті лингвистика адам санасы қалай құрылған деген сұраққа жауап іздейді.  Сондай-ақ адам әлемді қалай таниды, ол туралы білімі қалай жинақталады, ментальды кеңістіктің пайда болуы деген сұрақтар төңірегінде зерттеледі.

       Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым ретінде танылуы үшін оның өзіне тән ұғымдары мен категориялары болуы шарт.

Зерттеушілер концептуалдылық, когниция, когнитивтік модель, вербалдылық, менталдылық, концепт, әлем бейнесі, концептілік өріс тәрізді ұлттық мәдени бірліктерді когнитивті лингвистиканың өзекті мәселелері ретінде қарастырады. Бертін келе адамның танымын, білімін, ойлау құбылыстарының сан қырын ашу бұл ғылымның маңызды аспектілеріне айналады.

Қазіргі кезде когнитивті лингвистикада мына мәселелер басшылыққа алынады:

1.Тілдің танымдық қызметі мен әлемді түсінуі

2.Әлем туралы ақпарат алуда тіл білімінің маңызы

...

Скачать:   txt (4.6 Kb)   pdf (50.5 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club