Казақ әдебиеті ІІ тоқсан
Автор: sacon98 • Октябрь 24, 2018 • Творческая работа • 1,581 Слов (7 Страниц) • 1,182 Просмотры
Сабақжоспары
САБАҚ: қазақ әдебиеті ІІ тоқсан | Мектеп: Қызылорда НЗМ ХББ | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ажибаева Ж., Бибатырова А., Қасенова Г. | |||||||||||||||
Сынып: 7 «А», «В», «С» әдебиет | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» жырындағы көркемдік тәсілдер | |||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | А/И3. Көркем шығарманың тілі Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: көркем ауыстырулар туралы түсінігін білдіреді. Оқушылардың көпшілігі: көркем ауыстыруларды мәтіннен тауып бере алады. Кейбір оқушылар: көркем ауыстыруларды автор қолданысы арқылы түсіндіреді. | |||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: құндылық, жағымды, жағымсыз, ниеті тар, қара ниет, қтірікші, өз басын ойлайды, адал, адамгершілігі жоғары, махабатына адал т.с.с Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Менің ойымша...;Салыстыра қарғанда...; Өмірмен байланыстыратын болсам...; Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі... | |||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Шығарманың мазмұны, тегі мен фабуласы туралы білім алды. | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Жоспар- ланатын уақыт | Дереккөздер | |||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Қызығушылықтыоятукезеңі. Бейнелі сөздер деген не? Ол бізге қаншалықты қажетті? | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 мин 8,9 минут | Мағынаны тану кезеңі. Санамақ арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларға бейнелі сөздердің анықтамасы жазылған глоссарий беріледі. Топта оқып танысады, талқылайды. «ДЖИГСО» әдісі бойынша бір-біріне түсіндіреді. Тыңдап отырған оқушылар түсініктерін дәптерлеріне жазып алады, түсіндіреді. 1-топ. (6) аллегория – ( пернелеу) – жан-жануарларға адамның мінез-құлық сипатын беру. Мысалы, Қоян – қорқақ, түлкі – қу, арыстан – озбыр. аллитерация – шығармадағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Мысалы, Түнімен түйіндік. Таң атқанша тарандық. анафора – өлең жолының немесе тармақтардың үнемі бір сөзден не бір сөз тіркесінен басталып қайталануы. Мысалы, Өмір жайлы не түсінем мен деген... Өмір жайлы сұрай берме сен менен. Эпифора- өлең жолының немесе тармақтардың үнемі бір сөзден не бір сөз тіркесінен аяқталып қайталануы. Мысалы, Балталыдай жерім жоқ, Бақалыдай көлім жоқ. Шендестіру (антитеза)-кереғар екі затты немесе құбылысты қатар қоя отырып,келесі бір заттың,ұғымның,құбылыстың сипатын аңғартатын айшықтаудың бір түрі Мысалы, ...Қара жерге қар жауар, Қарды көр де етім көр, Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де бетім көр. ("Ер Тарғын") Сондай-ақ шендестіру тәсілін кейінгі халық ақындары мен жазба әдебиет өкілдері де кеңінен қолданып келе жатқаны белгілі. Қар -аппақ,бүркіт - қара,түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға... ассонанс – өлең құрылысындағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы Мысалы, Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. . 2-топ.(7) Гипербола – кез келген нәрсені, оқиғаны шамадан тыс асыра, ұлғайтып көрсету. Мысалы, Сонда Буырыл гуледі, Табаны жерге тимеді, Көлденең жатқан көк тасты Тіктеп тиген тұяғы Саз балшықтай иледі... ...Ұмтылған дақ ысылып, Бес жүз құлаш жазылды. ("Қобыланды батыр") Градация – дамыту – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғыны асыра айту. Ирония – көркем шығармадағы сырты сыпайы, іші толған ащы күлкі, мысқыл болып келетін өрнектеу тәсілі. Кейіптеу – жансызға жандының қасиеттерін беріп суреттеу. Мысалы, Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Литота – затты, құбылысты мүлде құлдырата, кішірейте суреттеу. Мысал, Махамбет бір өлеңінде Таудай болған талаптың Метафора – затты немесе құбылысты екінші ұқсас нәрсемен ауыстыру, балау,салыстыра суреттеу. Мысалы, Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек. Метонимия – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін алмастыра қолдану тәсілі.Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Мысалы, Абай “Үйі мәз боп қой сойды, 3-топ.(6) Психологиялық параллелизм – кейіпкердің көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен байланыстыра бейнелеп, суреттеу тәсілі. Мінездеу риторикалық сұрау – ойды әсерлі жеткізу үшін өзінен-өзі айқын нәрсенні леппен, сұрау түрінде айту. Риторикалық сұрау жауапты қажет етпейді. Портрет- кейіпкердің сырт тұлғасын суреттеу. Мысалы, Мойыным сұңғағындай жүзген қудың, Лебізім шырынындай шәрбет судың. Қаққанда төңкерілген қас бітісім, Ашылған айбатындай жібек тудың. Қырмызы қызыл жібек маңдайым кең, Арғынның сірә маған қай қызы тең. Мінездеу - әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Мысалы, Белгілі қанша жұртқа атым Сара, Ішінен ер қаптағай шықтым дара. Домбыра ап он үшімнен сөз сөйледім, Келемін бір сүрінбей, жеке дара. Пейзаж – баяндау барысында кейіпкер бейнесін терең ашу мақсатында қолданылған табиғат көріністерін суреттеу. Мысалы, Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Арнау – белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатыменжазылған дербес поэзиялық туынды. 4-топ. (6) Теңеу – заттың құбылыстың қасиетін, сапасын ашу үшін екінші бір затпен, құбылыспен салыстыра сипаттау. байланысты қорытынды айтылатын өлең түрі. Мысалы, Келеді желдей зуылдап, Жеткізбейді шұбар ат. Ұйқас – тармақтардың соңғы сөздерінің үндесіп келуі. Ұйқас түрлері: қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас, ерікті ұйқас. Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіретін жүйе. Эпитет – заттың, құбылыстың сипатын, сапасын айқындайтын суретті сөз. Мысалы, Алтын күнді, қара жерді сағындым, Жан – жолдасым – жүйрік желді сағындым. Буын – өлең жолындағы дауысты дыбыстар саны. Бунақ – өлеңдегі дауыс толқынының арасы, өлеңнің ырғағы Оқушылар мәтінді оқиды, тиісті көркемдік тәсілді табады 1-ОҚУШЫ:7-8 БЕТ 2-ОҚУШЫ:9-10 БЕТ 3-ОҚУШЫ:11-12 БЕТ 4-ОҚУШЫ:13-14 БЕТ 5- ОҚУШЫ:15-16 БЕТ
Жетістік критерийі: Жырдан бейнелі сөздерді таба алады. | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 2,3 минут | Рефлексия «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы ауызша кері байланыс жасалады. Үй жұмысы: Көркемдегіш құралдарды жаттайды және көркемдегіш құралдардың қолданысын табады | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциация – Сізоқушыларғакөбірекқолдаукөрсетуүшіннеістейсіз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаберудікөздепотырсыз? | Бағалау – Оқушылардыңақпараттықаншалықтымеңгергенінқалайтексересіз? | Пәнаралықбайланыс Қауіпсіздікережелері АКТ-мен байланыс | ||||||||||||||
Дифференциацияныберілетінтапсырма, күтілетіннәтиже, қолдаукөрсету, бөлінетінуақыт, қолданылатындереккөздерарқылыжүзегеасыруғаболады. Дифференциация сабақтыңкезкелгенбөліміндеқолданылады. | Бұлбөлімдіоқушылардыңсабақбарысындаалғанбілімдерінбағалауүшінқолданылатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазуүшінпайдаланыңыз. | Сабақжоспарынқұруүшінсізгеөзгепәнмұғалімдерініңкөмегікерекпе? Берілгентапсырмалардыңқайсыбіріоқушылардыңқауіпсіздігіненемеседенсаулығынақауіптөндіреме? Оқушыларсабақбарысындаөздерінің АКТ дағдыларындамыта ала ма? Осы сабақбарысында НЗМ құндылықтарындамытуғақандаймүмкіндік бар? | ||||||||||||||
Ойлану Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыжүзегеасырымдыболдыма? Бүгіноқушыларненіүйренді? Сыныптағыоқуатмосферасықандайболды? Дифференциацияныжүзегеасыруқолымнанкелдіме? Мен жоспарланғануақытымдыұстандым ба? Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен? | Төмендеберілгенбөлімдіосысабақтуралыойларыңыздыжазуүшінпайдаланыңыз. Солжақбағандаберілгенсабағыңызғақатыстыеңмаңыздысұрақтарғажауапберіңіз. | |||||||||||||||
Жалпыбаға Сәттіөткенекінәрсеніатапкөрсетіңіз (сабақберужәнеоқытуғақатысты)? 1: 2: Қандайекінәрсесабақтыңодандажақсыөтуінеықпалынтигізереді (сабақберужәнеоқытуғақатысты)? 1: 2: Осысабақбарысындасыныпнемесежекеоқушылартуралыменіңкелесісабағымадайындалуүшінқажетболуымүмкінқандайақпараталдым? |
Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеу нәтижесінде жасалатын сөздер.
Мысалы: жалт қарады, маң - маң басады, желп - желп етеді, жарқ - жарқ етті.
...