Жусан операциясы елдік пен ізгіліктің нышаны
Автор: 956362 • Апрель 29, 2019 • Реферат • 1,581 Слов (7 Страниц) • 913 Просмотры
Жусан операциясы елдік пен ізгіліктің нышаны
Қасымхан.Д
Дінтану мамандығы 1 курс студенті
Ғылыми жетекші:PhD доктор,аға оқытушы Мұқан Нұрзат
Өз мақаламда мен 5-6 қаңтарда елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған «Жусан» операциясының мәні мен мазмұнына толықтай тоқталғым келіп отыр.
Өз-өзіңді сыйласаң ,жат жаныңнан түңілер.Қазақтың елі бұл жолы да үлгі болар іс әрекетке барды.Туған елді тәрк етіп,бейбіт күнде от пен оқтың арасында кеткен өгей ұл-қыздарын Отанға оралтты.Жалпы осы уақыт аралығында еліміздің Сирияда адасып,террористердің қармауына түскен отандастарымызды қайтару ісі ертеден –ақ қолға алынған.Жалпы,мұндай жобаларды қолға алу Қазақстанның аса маңызды міндеттерінің бірі болғандай.Қазақстан әлемге бейбітшілікті нықтап ұстаған тұғырлы ел ретінде мәлім.Ал соның ішінде жақында ғана қолға алынған «Жусан»операциясы елдік пен ізгіліктің нышаны болды.Жалпы,маған бұл операцияның атауы да өте қатты ұнады.Жусан түркі халықтарының танымында туған жер,Отан ұғымымен тең.Өз дәуірінде жыраққа кеткен талай саңлақтардың «Туған жерді сағынсақ иіскейміз»-, деп қойындарына жусан салып ала кететінін жақсы білеміз.Кезінде сол Сирияға әмірі жүріп,билік еткен бабамыз Бейбарыс та жусанның иісін аңсап өткен деседі.Жусанды сағынғаны Қыпшақ даласын,Қазақ жерін аңсағаны ғой.Осындай игі атауға ие болған «Жусан» операциясы білгенге біздің арнайы қызметкерлер,дипломаттармен өзге де ат салысқан құрылымдардың ауыз толтырып айтатындай ерекше ерлігі. Иә,бәлен жерде алтын бар,барсаң пақырда жоқ,демекші барған жерінен пақыр таппақ түгілі радикал діни ағым өкілдеріне алданып,арбауға түсіп,тақырға отырғандар қаншама.Тіпті еліміздің Қауіпсіздік Комитетінің Сирияға кеткен соң,тұзаққа түсіп,қашпақ болған біраз жерлестеріміздің лаңкестердің қолынан қаза болғандығы туралы деректер де бар екен.Таяу Шығысқа барып,тағдырлары талайға түсіп,талқаны таусылғандары қаншама.Ендігі осы операцияның жүзеге асу мазмұны мен қорытындысы туралы толықтырып өтсем:
-Биылғы 6 қаңтарда тікелей тапсырмам бойынша біздің құқық қорғау органдары мен Сыртқы Істер Министрлігі жүргізген үлкен гуманитарлық операция нәтижесін берді.Сириядан Қазақстанға 47 азаматымыз,соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды.Олардың барлығы дағдарыс жайлаған елге барып ,террористердің тұтқыны болған.Біраз адам соғыс даласында қаза тапқан.Ал мына кісілерді өзімізбен достық қарым –қатынастағы мемлекеттің көмегімен ,Қазақстанның ұшағымен алып келдік,-деді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Осының бәрін мәлімдей отыра елбасымыз Жусан операциясының халықаралық қоғамдастық пен халқымыз үшін көрнекті қадам болғандығына баса назар аудартады.(1)
-Қазақстан өз азаматтарына ,қай жерде жүрсе де әрдайым қолдау көрсететінін осылай паш етіп отырмыз.Негізгі міндетіміз-еліміздің қауіпсіздігін,халқымыздың береке бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету ,қақтығыс аймағында еріксіз жүрген азаматтарымызды,әсіресе ,балаларды қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыра береміз,-деп нықтады Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Құзырлы органдардың мәліметінше,5-6 қаңтарда іске асырылған «Жусан»операциясының арқасында 47 қазақстандық ,соның ішінде 11 әйел,30 бала Отанға қайта оралды.Балалардың көпшілігі 1-5 жасар бүлдіршіндер.Сириядан қайқан отандастарымыз мінген қазақстандық әскери ұшақ 6 қаңтар күні 02:10-да Ақтау Халықаралық әуежайына келіп қонды.Осыдан кейін олар карантин орталығына орналастырылған.Жалпы,ұшақтың барлық жағдайы жасалған,балалардың тамағы,ойыншығы, тіпті жаялығына дейін қамтамасыз етілген. Келгеннен соң,олармен арнайы мамандар жұмыс жасады.Дәлірек айтқанда,4 теолог,2 психолог,1 әлеуметтік педагог.Әңгімелесу кезінде зардап шегіп,тағдардың тәлкегіне түскен, от пен оқтың куәсі болған әйелдер ағынан жарылды.Куәгердің айтуы бойынша:
...