Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұйымдар арасындағы келіспеушіліктер, олардың себептері және шешу жолдары

Автор:   •  Сентябрь 29, 2024  •  Доклад  •  1,284 Слов (6 Страниц)  •  33 Просмотры

Страница 1 из 6

Ұйымдар арасындағы келіспеушіліктер, олардың себептері және шешу жолдары

Адам өмір сүріп жатқан әлемде дау-жанжал міндетті түрде орын алады, себебі адам қарым-қатынассыз өмір сүре алмайды. Дау-жанжалды қандай да бір дәрежеде қарым-қатынас тәсілдерінің бірі деп қарастыруға болады.

"Дау-жанжал" латын тілінен аударғанда "қақтығыс" деген мағынаны білдіреді. Бұл қақтығыстар күнделікті өмірде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамда және жұмыс орындарында орын алады. Бірақ адам уақытының көп бөлігін жұмысында өткізетіндіктен, оның басшылықпен, қол астындағы қызметкерлерімен және басқа да серіктес ұйымдармен тығыз қарым-қатынас құруына тура келеді. Сәйкесінше адамдар арасында дау-жанжал мен қақтығысқа алып келетін түсініспеушіліктер орын алады.

Өзіміз өмір сүріп жатқан қазіргі заманға назар аударсақ, айналамыз тұрақсыз экономикалық өмір мен қарқынды дамып жатқан технологиялар. Осындай заманда әр ұйым, әр компания барынша үлкен пайда көріп, мол табысқа қол жеткізгісі келеді. Ал бұл үшін мына шарттар орындалуы тиіс.

1) дұрыс бағытталған жұмыс процесі;

2) сауатты таңдалған ұжым;

3) ұжымда келіспеушілік және психологиялық шиеленістің болмауы.

Сондықтан дау-жанжалды болдырмау және барынша азайту кез келген ұйым, компания үшін маңызды рөл атқарады. Бірақ көп жағдайда дау-жанжалға аса мән берілмей немесе соңына дейін дұрыс шешілмей қалып жатады. Елімізде осы мәселені, яғни дау-жанжал жағдайын зерделеу және зерттеу мәселелері әлі жоғары деңгейде қарастырылмаған. Әр ұйымда осы мәселемен айналысатын арнайы адам жұмысқа алынып, осы жағдайды қолға алған жөн.

Осы эссенің жазылу мақсаты – ұйымдар арасындағы келіспеушілік туындауының негізгі себептерін анықтап, оны шешу жолдарын қарастыру.

Жанжал дегеніміз – қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтар арасында туындаған өткір мәселелердің, халықаралық кикілжіңдердің деп кезінде реттелмей, әртүрлі қақтығысқа алып келуі. Елдегі реформалар кезінде халықтың әртүрлі топтарының мүддесі есепке алынбаса, ол да әлеуметтік қақтығысқа алып келеді. Дау-жанжалдың алдын алу үшін қоғамда саяси мәдениет қалыптастырып, ортақ әлеуеттік құндылықтар мен нормаларды орнату керек.

Жанжал – бұл айырмашылықтарды немесе қарама-қайшылықтарды қабылдау. Егер де ешкім жанжал туралы білмейтін болса, әдеттегідей, жанжалдың бар екендігімен келіспейді. Жанжалдың басталуы үшін қарама-қайшылық немесе үйлесімсіздік қажет. Жанжал, ағымдағы қызметттегі, өзара әрекеттесу мүмкін емес болған кездегі белгілі бір нүктені сипаттайды. Адамдар ұйымдағы жанжалдардың орасан алуан түрімен кездеседі. Олар: мақсаттардың үйлесімсіздігі, фактілерді түсіндірудегі айырмашылықтар, күтілген мінез-құлық жайында және т.б. Біздің анықтамамыз, айқын және зорлық әрекеттерден бастап келіспеушліктің нәзік нысанына дейінгі жанжалдардың барлық өрістегі деңгейлерін қамтиды. Әсерлерге негізделген жанжалдардың түрлерін ажыратамыз. Функционалды жанжал топтардың мақсаттарын қолдайды және солай болғандықтан, жанжалдың конструктивтік нысаны болып табылады. Мысалы, егер өндірісті жақсартудың ең тиімді әдісі туралы жұмыс тобы мүшелері арасындағы талқылау бірегей көзқарастарды қарастырса және оларды ашық салыстырса функционалды болу мүмкін. Топтың жұмысына кедергі келтіретін жанжал деструктивті немесе дисфункционалды жанжал болып табылады. Командадағы тапсырмаларды алаңдататын бақылау үшін жүргізілетін өте жеке күрес дисфункционалды болып табылады.

Әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері арасында қарама-қайшы келетін көзқарастарының, қызығушылықтарының және келіспеушілік жағдайының болуы еонфликтінің пайда болуына қажетті және жектілікті жағдай болып табылады. Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері:

  • Конфликтіге түсуші жақтар;
  • Конфликтінің пәні;
  • Конфликтілі жағдайдың кейпі;
  • Конфликтінің мақсаттары;
  • Конфликтіге түсуші жақтардың позициялары.

Конфликтіге түсуші жақтар деп тікелей қызығушылықтары бұзылған әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері немесе ашық түрде конфликтіні қалап тұрған субъектілер есептеледі. Қарым-қатынастағы қақтығыстар, яғни конфликтілер тұлғаның эмоциялық көңіл-күйімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты болады.Қарым- қатынас барысында адамдар өзара түсінісе алмай реніштер басталады, кайшылыкты пікірлер пайда болады да конфликт туындай бастайды. Қарым-қатынастағы өзара түсініспеушілік адамдардың арасында психологиялық кедергілер жасайды. Конфликтінің құрылымы: «Конфликт = Конфликті жағдай + Инцидент» деген формуламен көрсетуге болады. Конфликтілі жағдай-конфликтінің пайда болуына арналған жағдай. Ондай жағдай конфликтіге айналуы үшін сыртқы әрекет, түрткі және шиеленіс қажет.

...

Скачать:   txt (20.5 Kb)   pdf (86.8 Kb)   docx (324.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club