Қайырымдылық – қадірлі іс
Автор: 8747309 • Март 25, 2021 • Эссе • 304 Слов (2 Страниц) • 6,385 Просмотры
Қайырымдылық – қадірлі іс
Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі. – дейді дана халқымыз. Бұл өлең жолдарының мән мағынасына үңілсең,адам бойындағы қайырымдылық,жомарттық қасиеттерді жоғалтпауды меңзеп отырғандай.
Қайырымдылық – ерекше ұғым. Адами қасиеттердің ең қадірлісі де - қайырымдылық. Ал оны жасау - үлкенін сыйлаған, қариясын қастерлеген, жетімін жылатпаған, кемтар жандарды ешкімнен кем көрмеген қазақ халқына тән қасиет екеніне ешкімнің таласы жоқ.Қайырымдылық – адам жанының нұры.Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі. Ол кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың қарапайым көрінісі болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйлауы мүмкін, ал, біреулер қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды.
Қазіргі таңда елімізде баллалар үйіне,қарттар үйіне немесе көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созып, барын аямайтын адамдар жетерлік. Жүректері жылу мен мейірімге толы жандар қайырымдылық іс шараларын ұйымдастырып, қолдарынан келгенше азық түлік ретінде немесе ақшалай көмек көрсетіп жатыр. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» дегендей, қайырлы істің ұршығын иірген халқымыздың қанына сіңген игі қасиеттерінің сауабы мол болғай. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр» деген адамгершілік мағынада айтылған тамаша сөз бар. Жетімін жылатпаған халқымыздың бұл ел қамын ойлайтын азаматтарына қалдырған аманат сөзі іспетті.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлейік.Қайырымдылық – қадірлі іс екенін ұмытпайық.
...