Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру
Автор: kssnvray • Октябрь 27, 2021 • Реферат • 708 Слов (3 Страниц) • 2,709 Просмотры
"Торайғыров Университеті" КЕАҚ
СӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру
Тексерген: Маусумбаев Р.С.
Орындаған: Қасенова А.А.
Топ:М-101
Павлодар 2021
Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру
Біз студент деп 17-21 жас аралығындағы жасөспірім кезеңінен өткен, енді-енді ересек өмірге қадам басқан индивидтарды айтамыз. Әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан қарағанда, студенттер қоғамдағы өзге топтармен салыстырғанда критикалық ойлау жүйесінің жоғары болуымен, мәдениет мұраларын пайдалану белсенділігімен, білімімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, студент әлеуметтік өмірде де, интеллекттің жоғары болуымен де көзге түседі. Олар эмоционалдық интеллект тұрғысынан да табанды, білім алу барысында кездескен түрлі мәселелерді дұмыс шеше алып, стресске төзімді болып келеді. Өйткені, қазіргі заманауи ғасырда эмоционалдық интеллектті дамытуға көмектесетін түрлі кітаптар, тренинг-семинарлар көп. Қоғамда, білім алу ордасында кездесетін түрлі типтегі адамдармен қалай тіл табысу керек екенін біледі. Студенттердің осы ерекшеліктерінің негізі мұғалімнің әр студентке серіктесі тәрізді, тартымды тұлға ретінде қарап, онда педагогикалық қарым-қатынасты орнатуына ықпал етеді.
...