Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эмоция және эмоциялық интеллект туралы теорияларды салыстыру нәтижесінде заманауи тұлғаның жетістікке жету индикаторын жасау

Автор:   •  Февраль 17, 2022  •  Реферат  •  1,798 Слов (8 Страниц)  •  837 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

                   Факультеті: «Ақпараттық технологиялар»

                   Кафедрасы: «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»

СӨЖ

               Тақырыбы: Эмоция және эмоциялық интеллект туралы теорияларды салыстыру нәтижесінде заманауи тұлғаның жетістікке жету индикаторын жасау.

Орындаған: Молдахан Е.                                                                                                            Тексерген: Мұса Құндыз

Алматы, 2022ж

Эмоциялық интеллект – психология ғылымында қарқынды зерттеу нысанына айналған өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе бойынша мыңдаған кітаптар мен мақалалар жарыққа шығарылған, эмоциялық интеллектіні дамытуға арналған көптеген тренингтер жүргізіледі.

Эмоциялық интеллект – адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.

Эмоциялық интеллект идеясы Эдуард Торндайк, Джой Гилфорд, Ганс Айзенк сынды авторлар зерттеуге алған «әлеуметтік интеллект» ұғымынан шыққан. Когнитивті ғылымның қарқынды дамуына байланысты интеллектінің ақпараттық, «компьютер тәрізді» модельдеріне баса назар аударылып, ойлаудың аффективті жағына айтарлықтай мән беріле қоймады. Әлеуметтік интеллект ұғымы тану үрдісінің аффективті және когнитивті жақтарын байланыстырушы буын екендігі ескерілмеді. Кейін әлеуметтік интеллект саласы аясында адам танымын «есептеуші машина» емес, когнитивті-эмоциялық үрдіс ретінде қарайтын түсініктер қалыптаса бастады.

1990 жылы Питер Салоуей «эмоциялық интеллект» ұғымын алғаш анықтап, «Эмоциялық интеллект» атты мақаласын жарыққа шығарды. Питер Салоуей және оның авторласы Джон Майер эмоциялық интеллектіні «эмоцияда көрінетін тұлға көріністерін қабылдау және түсіну, интеллектуалды үрдістер негізінде эмоцияны басқару» ретінде анықтайды. Аталған ғалымдардың анықтауынша, эмоциялық интеллект төрт бөлімнен тұрады: 1) өзінің және басқа адамның эмоциясын қабылдау немесе сезіну қабілеті; 2) өз эмоциясын ақыл-ойға бағыттау; 3) эмоция көріністерін түсіну қабілеті; 4) эмоцияны басқара білу.

Қазіргі таңда эмоциялық интеллект феноменін, оның құрылымын, даму жолдарын одан әрі терең зерттеу өзекті, себебі аталған құбылыс – тұлға аралық өзара әрекеттесу үдерісінде адамдар арасында туындайтын эмоциялық үрдістер мен жай-күйлерді терең ұғыну арқылы адамдармен қарым-қатынасты оңтайландыру мүмкіндігін ашады. Сондықтан, эмоциялық интеллектіні тұлға бойында дамытуды біртұтас қоғамда психологиялық мәдениетті арттырудың маңызды факторы ретінде қарастыруға болады.

«Эмоциялық интеллект» ұғымына әртүрлі көзқарастар қалыптасқан.

Шетелдік психологияда П. Салоуей, Дж.Мэйер және Д. Карузо бойынша: «эмоциялық интеллект – әлеуметтік интеллектінің компоненті, өз сезімдері мен өзге адамдар сезімін қадағалау, оларды ажырата білу және ол ақпаратты өзінің ой, әрекеттерін басқару үшін қолдану қабілеті, эмоциялық интеллектінің дамуы тұлғаның үйлесімді, тұлғалық дамуына игі ықпалын тигізеді. Нақтырақ айтқанда, эмоциялық интеллект – эмоциялық ақпаратты өңдеу, түсіндіру (интерпретациялау) және қолданумен байланысты интеллект түрі».

Д. Гоулман (ЭИ мәселесін анағұрлым терең зерттеген ғалымдардың бірі): «эмоциялық интеллект – тұлғаға өзін-өзі сезінуге, түрткілендіруге, көңіл-күйін басқаруға, импульстік көріністерді бақылауға, фрустрациядан бекіну, күнделікті өмірде табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторлар жиынтығы; өз интеллектісін көрсету тәсілі».

Р. Бар-Он: «қоршаған орта талаптары мен әсерлеріне (қысымына) оңтайлы жауап бере алу қабілеттілігі, ортаға оңай бейімделуге ықпал ететін эмоциялық, жеке және әлеуметтік қабілеттер жиынтығы».

Д. Майерс: «эмоциялық интеллектуалды адамдар өзіндік санасының жоғары дәрежеде дамуымен ерекшеленеді. Олар өз эмоциясына дисфункционалды депрессия, мазасыздық, ашу арқылы нұқсан келтірмеуге тырысып, өмір сүреді. Олардың жанашырлық (эмпатия) көрсете білу қабілеті  айналадағы адамдардың эмоциясын дұрыс түсініп, олармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді – олар достарына, әріптестеріне қалай қолдау көрсету керектігін, дау-жанжалды қалай шешу қажеттігін біледі».

...

Скачать:   txt (26.8 Kb)   pdf (148.5 Kb)   docx (60.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club