Полинезия және Меланезия халықтарының ерекшелігін салыстыру
Автор: jekamix • Октябрь 5, 2020 • Реферат • 2,341 Слов (10 Страниц) • 867 Просмотры
Маратов Жанибек 202 топ Тарих
3-семинар
Тақырыбы: Полинезия және Меланезия халықтарының ерекшелігін салыстыру
Океания халықтары
Океания үшке бөлінеді: Меланезия және Жаңа Гвиней, Полинезия мен Жаңа Зеландия және Микронезия аймағынан құрылған.
Океанияның үлкенді-кішілі аралдарының бәрінде де адамдар мекендейді. Аборигендер бұл жерлерге келіп қоныс тепкен уақыттары мың жылдап есептелсе, бұдан 150 жылдай бұрын Еуразия мен Америкадан көптеген адамдар келген Соның нәтижесінде Океания халықтары аборигендер мен келушілерден құралған. Олар бір-бірімен этникалық жағынан араласып, көртеген аралдың тұрғындарының қаны араласып кеткен. Океанияның этникалық құрамын жақсырақ түсіну үшін Меланезия, Полинезия және Микронезия аралдарын қысқаша тоқталып өтейік.
Меланезия (гректің «Мелас» - қара, «несос» - арал) – қара арал деген сөщінен шыққан. Еуропалықтар осы жердегі тұрғындардың сыртқы түсіне қарап , олардың мекендеген аралдарына да «қара» деп ат қойған. Меланезияда папустар мен меланезиялықтар тіршілік етеді. Олар өздерінің нәсілдік белгілері бойынша , австралонегроиддыққа жатады. 1950 жылы Жаңа Гвинеяда – екі миллионнан астам адам тұрса, оның 99 пайызы папустар, ал қалған аз бөлігі меланезиялықтар. Меланезиялықтар негізінен ,Соломон, Бисмарк, Жаңа Гебридтер, Жаңа Каледония, Фиджи аралдары мен архипелагтарында көптеп саналады. Меланезияның батысынан шығысына қарай жүрген сайын халықтардың құрамының жақсы араласқанын байқауға болады. Мысалы, 1951 жылы Фиджи аралында 301959 адам тұрса, оның 44,3 пайызы меланезиялықтар, 2,3-і будандар, 47,5-і үндістер, 1,1-і қытайлықтар, 2,1 пайызы басқа ұлттардың өкілдері болған.
Полинезия – грекше «полю» - көп, яғни көп аралдан құрылған ел деген мағына береді. Олардың ең ірілері Жаңа Зеландия , Самао, Гавай, Туа-Моту, Тонга және т.б. аралдар. Отаршылар келгенге дейін бұл жерлерде 1,1 миллион адам тұрған болса , қазір не бәрі 450 мың тұрғын қалған. Полинезиялықтардың көпшілігі орталық аралдарда мекендейді. Шет жақтарындағы кішігірім аралдарда басқа жақтан келгендер көбірек. Мысалы, Гавай аралдарында 1950 жылы 499 794 адам болса, оның 2,1 пайызы полинезиялықтар, 12,8 –і будандар, 32,7-і жапондықтар, 10,3-і филиппиндер, 5,8-і қытайлықтар, 32,9-і американдықтар, 1,4-і корейліктер т.б. Жаңа Зеландияда – 1939700 адам мекендесе олардың 5,8 пайызы маорлар , 94,2-і ағылшындар.
Сөйтіп, Океания халықтарының этникалық құрамы жергілікті тұрғындармен бірге Еуропа , Азия, Америка және т.б. жерлерден келген адамдардан құралған. Кейінгі кездерде аборигендердің саны азайып бара жатса , сырттан келушілердің саны көбейе түсуде. Жергілікті халықтар мен келушілер арасынан шыққан будандардың саны да аз емес.
Меланезияға қарайтын үлкенді-кішілі аралдардың барлығына ер ертеден мекендеген. 18 ғасырдың ақырындағы мағлұматқа қарағанда, Меланезияда шамамен жергілікті халықтардың саны 1,5 миллионға жеткен. Бірақ бұл аборигендердің этногенезі әлі де жақсы зерттелмеген. Азды- көпті жиналған этнографиялық деректерге қарағанда, меланезиялықтар өздерінің антропологиялық ерекшелігі бойынша негроидтық нәсілге жақын. Кеңес антропологтарының соның ішінде Я.Я. Рогинский мен Н.П. Чебоксаровтардың пікірі бойынша меланезиялықтар экваторлық негро-австралиялық нәсілге жатқызады. Бұл аралдардың , әсіресе Жаңа Гвинейянің тұрғындарын этнографиялық тұрғыдан терең зерттеген Н.Н. Миклухо – Маклай. Оның еңбектерінде Меланезияның аборигендерінің тарихы сан салалы тұрмыстары әдет-ғұрыптары салт – дәстүрлері және мәдениеті ғылыми негізде қарастырылған. Аборигендердің антропологиялық белгілері: шаштары бұйра, тістері қоңыр, мұрындары жалпақ, еріндері қалыңырақ. Бұл айтылған белгілер Африка негрлерінің антропологиялық қасиеттерімен бірдей деуге келмесе де , бұл халықтардың өзара бір-бірімен ұқсас екенін байқау қиын емес.
...