Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Танымдық процесстерді зерттеу амалдары

Автор:   •  Март 27, 2019  •  Эссе  •  908 Слов (4 Страниц)  •  958 Просмотры

Страница 1 из 4

                Танымдық процесстерді зерттеу амалдары

Танымдық үрдістің түрлері:  Зейін, Қабылдау, Ойлау, Түйсік, Сөйлеу, Қиял, Ес.Адамның осындай үрдістерге қарап таниды. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды. Мысалы дерлік, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оның алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi.Яғни заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады. Қабылдау егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбы-лыстарының жеке қасиеттері мен қүң сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстарды мида құң  тастай бейнеленуі болып табылады. Мысалы, алманы абылдауды алайы. Мұнда бізді күнделікті  анализаторларымыз  оны қызыл түсі, хош ғашап иісі, тәтті дәмі т. б. осындай қасиеттері бірақ мезгілде әсер етеді де, миымызда  зат бейнесі пайда болады. Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.Ес-адамның бұрын көрген,естіген,білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап,қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті,жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі.Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып,жетіліп отырады.Қиял-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субьективтік образдарын қайтадан жаңартып,өндеп,бейнелеуде көрінетін,тек адамға ғана тән психикалық процесс.Сөйлеу –адамның тілдік амалдар арқылы пікір,ой білдіру әрекеті .Сөйлесу адамдардың айтылатын пікірлеріне,пікір мазмұнына байланысты сай болуы керек.Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстары тек ойлау арқылы ғана білеміз.Ақыл,парасат,сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі-өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылыс.Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені,табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілді.,қасиеттерін анықтайды,даму заңдылықтарын біледі,өзінің орнын,басқа адамдармен қарым-қатынасын белгілейді.

                                   Қиял.Елестету

      Дәл қазір қабылданбайтын заттармен құбылыстардың миға түскен бейнесін елес деп атаймыз. Елес арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса жалпылай бейнелей алуға мүмкіндік алады. Елес заттардың бейнелерін сақтауға, ол заттардың типтік басты белгілерін көрсететін ой-пікірлеріне көшуге, оның мәнін танып, білуге көмектеседі. Демек белгілі бір зат жөнінде елесіміз болса ғана, оның ерекшелігін, не үшін қажет екендігін тереңірек ұғынамыз да, еске жақсы сақтай аламыз. Елестер еске байланысты болады, себебі адам бұрын қабылдаған, сезген заттарын, құбылыстарын, олардың бейнелерін қайтадан елестетсе, мұндай елестеулер ес елестері деп аталады.Елес зейінге тәуелді, яғни бұл елестің зейінмен де тығыз байланыста болатынын көрсетеді.Елес тұлғаның ерекшелігіне тәуелді болып келеді. Қиял - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъекивті образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуден көрінетін, тек адамға ғана тән. Осындай қабілетінің арқасында адам өзі немесе айналасындағы адамдармен қоршаған ортасында не болатындығы жайлы алын ала «көре» алатын болады. қиял адамның жас ерекшелігіне байланысты болып келеді: жас адамдар алдын ұзақ бағдарлап қиялдай алады және қиялы күшті және айқын болады. Егде және қарт адамдарда қиял өткен тәжрибеге тәуелді болып келеді. Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К.Д. Ушинский: “Мықты, кемелденген қиял – ақылдылықтың нышаны”, – деген. Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің қосындысынан жасалады. Қандай да жаңалықты (машина не үй) адам алдымен бұрыннан таныс, өзі пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан өз ойында құрайды. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол, өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді.

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (125.9 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club