Студенттің өміріндегі әлеуметтік – психлогиялық қиыншылықтары
Автор: azharabdikarim • Октябрь 3, 2019 • Реферат • 985 Слов (4 Страниц) • 903 Просмотры
Студенттің өміріндегі әлеуметтік – психлогиялық қиыншылықтары
Жоғары мектепте психологиялық қызметті ұйымдастырып , жүзеге асыру , әсіресе , қазіргі кезде өзекті мәселе болып табылады . Себебі , қазіргі кезде студенттер бірқатар әлеуметтік-психологиялық қиыншылықтарға кездеседі . Яғни , жастардың девантты мінез-құлқы , инфантильді болмысы , енжарлығы, жауапсыздығы , ұрыншақтығы , қатыгездігі, өмір мағынасын түсіне алмауы – осының барлығы студенттердің психологиялық қолдауға ,психологиялық демеуге және психологиялық серіктестікке зәру болатынын көрсетеді. (Ерментаева А.Р. «Жоғарғы мектеп психологиясы » 2012- 321 б )
Психология ғылымында Г.В. Акопов, Л.А. Регуш, Х. Ремшмидт, Е.Г. Слуцкий, Т.Б. Соломатина, Г.А. Щуревич, А.В. Зинковский, Н.И. Пономарев, В.Г. Харчева мен Ф.Е. Шереги , және т.б. зерттеулері арқылы студенттердің әлеуметтік – психологиялық мәселелері анықталған. Сонымен қатар, бұл мәселелердің студенттердің оқу-кәсіби іс -әрекеттеріне , қарым-қатынасына , психологиялық дамуына , жалпы, өміріне кері ықпалын тигізетіні тағайындалған . Әлеуметтік - психологиялық қиыншылықтар жастардың маман және тұлға ретінде дамуын күрделендіріп , тіпті, регрессиялық құбылысқа айналдыруы ықтимал .
Сондықтан , жоғарғы оқу орнында білім алатын жастардың өмірінде , іс-әрекетінде , қарым-қатынасында әлдеқайда жиі кездесетін типтік қиындықтардың сипаттамаларын анықтап алу қажет .
Психологиялық эксперимент арқылы студенттердің 23,91% өз-өзіне сенімсіздік , 17,6% жоғары деңгейде мазасыздық анықталса , ал 36,96% % өз қадірін білудің және 45,65% - өзін- өзі қабылдаудың дәлме-дәл еместігі анықталды. Бұл деректер зерттелуші жастардың орта есеппен 32,61% - "Мен-тұжырымдамасының" жеткілікті деңгейде қалыптаспағанын , айқын еместігін көрсетеді.
Зерттеуге қатысқан студенттердің ойлау деңгейінің көрсеткіштері 44,57% орташа мәнге ие болып , ал олардың 50,46% рефлексияның төменгі деңгейі анықталды. Бұдан күнделікті оқу іс-әрекетіне қатысты мәселелер мен міндеттерді дұрыс және оңтайлы шешуге студенттердің шамамен алғанда 47,61% икемсіз деп түйін жасауға болады . Ал, студенттерді зерттеу нәтижелерін талдағанда , олардың 57,61 % өздерін дәлме-дәл бағалай алмайтыны белгілі болды. Өзін-өзі бағалаудың төмен болуы да ,жоғары болуы да тұлғаның іс-әрекеті мен қарым қатынас саласын субъектілік тұрғыдан жетілдіруге кері әсерін тигізеді.
Осы студенттердің 31,52% қарым -қатынас жасауда ымырашылдық , 6,3% өктем мәнерді , ал 43,48% өзара әрекеттестікте тұйық қасиеттерді ,18,7 % топтағы тұлғарааралық өзара қатынаста оқшаулық мәнерді жоталай көрсетті. Cонымен қатар , сұрақ- сауалнама әдістері арқылы студенттердің 42,5% тұлғааралық қатынастарында әртүрлі таптаурындар , ал 30,65% ореол әсері (эффектісі) орын алатыны байқалады . Бұл деректер зерттеуге қатысқан болашақ мамандардың бірталайында қарым-қатынаста мәнді болатын тұлғалық қасиеттердің жете дами қоймағандығын паш етеді.
Студенттердің 87,39% -алдарындағы мақсат ретінде тұлға ,маман тұрғысынан дербес түрде өзін-өзі дамытуды , жетілдіруді көрсетеді . Бұл жағдай жастардың көпшіішігінің дамуға деген ішкі мотивациясының ,кәсіби іс әрекетті меңгеруге деген әлеуеттерінің болуы , өзін-өзі өзектендіруге оң ниеті бар екендігін көрсетеді.
Ал, зерттелуші студенттердің ешқайсысында дерлік өзіндік даму, жетілу бағдарламасының құрылып, жасалынбағаны анықталды. Ал, жастар үшін өзіндік даму ,жетілу мотивтерінің, өзін-өзі тәрбиелеуге ниеттің болмауы- аса күрделі мәселелердің бірі . Бұл жағдайда өзінжік жетілудің аса жоғары мақсаттарын қою күрделенеді .
Зерттеуге қатысқан студенттердің 14,13% іс-әрекет талаптарына , әлеуметтік ортаның құндылықтарына орай өзіндік даму мотивациясын танытпады. Демек, бұл студенттердің өзіндік дамуы стихиялы сипатқа ие . Олар социум мен іс- әрекетке бейімделу заңдарына ғана арқаланады. Студенттердің бұл тобы өз оқу іс-әрекетіндегі , қарым -қатынасындағы кедергілерді түсіндіруде каузальді атрибуция орын алады , яғни оларды қандай да бір жағдайлармен , басқалардың "өшпенді" әрекеттерімен , қылықтарымен байланысты көрсетуге тырысты.
Өзіндік даму амал-тәсілдерінің мақсат бағдарлы меңгерілмегені де студенттердің психологиялық дайындау процесінің субъектісі ьолуын қиындатады. Алайда зерттеуге қатысқан жастардың тек 3,47% ғана өзіндік дамудың БАҚ-н , біреулердің тәжірибесінен зерттеп білген психологиялық амал-тәсілдерді ,құралдар мен түр - пішіндерді азды-көпті атап бере алады . Бұл студенттердің өзі , өзінің "Мен-тұжырымдамасы " жайлы үстірт, иллюзиялы түсініктеріне себепші болады . Осының салдары олардың өз-өзіне сенімді болмауына , өздерін тым төмен немесе асыра бағалауына , бағынышты немесе басыңқы ұстанымдарға арқалануына , көптеген психологиялық қорғаныс механизмдерді пайдалануына соқтырмақ. Студенттердің бұл тобына енжар немесе агрессивті мәнерде қарым- қатынасты жүзеге асыру , өзін іс жүзінде көрсетудің дәлме -дәл емес және әлеуметтік қолайсыз, психологиялық мәдениет тұрғысынан қисынсыз амал тәсілдерді таңдау сәйкес келетіні тағайындалады . (Ерментаева А.Р. «Жоғарғы мектеп психологиясы » 2012- 323 б )
...