Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұмыс орнында денсаулықты нығайту

Автор:   •  Сентябрь 5, 2021  •  Эссе  •  1,109 Слов (5 Страниц)  •  448 Просмотры

Страница 1 из 5

«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ[pic 1]

 NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL  UNIVERSITY»  

                                       ЭССЕ

                            Жұмыс орнында денсаулықты нығайту

                                                                Орындаған: Сейдалы Айсулу Нурболатқызы

                                                                Курс : 1 курс

                                                                 Тобы: 108А

                                                                 Факультет: Жалпы медицина

                                                                 Қабылдаған:Идришев Рауан

        Денсаулық-адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Бізді ештеңе мазаламай, еш жеріміз ауырмай тұрғанда, дүниені төңкеруге, маңызды шаруалармен айналысуға дайынбыз. Ал ауру келсе, ештеңеге зауқымыз соқпайды, өмірдің мәні кеткендей болады. Шынында, денсаулықпен проблема болмағанда, бұл туралы ойланбаймыз. Ал қалай ауру келеді, бар шаруа шетке ысырылып, денсаулық ең бірінші орынға шығады. «Қай жерің ауырса – жаның сол жерде». Денсаулыққа көп фактор әсер ететіні белгілі: тұқымқуалаушылық, қоршаған ортаның ластануы, денсаулық сақтау органдарының деңгейі,бірақ ең алдымен белгілі бір адамның өмір сүруі образы көбірек себепші болады.Яғни ,адамның жеген асы,жүріс-тұрысы,айналасы,жұмыс орны қозғалысы және тағы басқа факторлар әсер етеді.Сондықтан қайда болсын кеңседе,оқуда,жұмыстарында денсаулығын ойлауы керек.

         Денсаулықты бала кезден сақтаған жөн. Өйткені «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда оңай әрі тиімді.Кейде жұмыс жасап бір орында ұзақ отырып қалатынымыз бар.Оның денсаулыққа кері әсер ететіні құпия емес: омыртқа қисаяды, мойынның қан тамырлары білеуленеді, бұл орталық жүйке жүйесінің әртүрлі ауруларына алып келеді. Ең дұрысы, өзімізге қосымша уақыт бөлу керек – жаттығу залына, бассейнге бару, массаж алу. «Бір орында отырып жұмыс істеудің салдарын болдырмау үшін спорттық рекорд орнату немесе жарақат алатын және шаршататын спорт түрлерін таңдау қажет емес. Бірақ кеңседе жасауға болатын күнделікті жеңіл гимнастика туралы ұмытпау керек. Бұлшық еттерді дамытуға көмектесетін көптеген жаттығулар бар», – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева. Егер денсаулығыңыз жаттықтырғыңыз келсе,онда келесі айтқан лайфхактар қолданыңыз.

           Біріншіден,Бір сағат сайын буындарды жазып, денедегі қан айналымын жақсарту үшін жұмыс орнынан тұрыңыз. Тіпті алғашқы кезде оятқыш қойып, сол бойынша аздап керіліп-созылуға болады, сонымен бірге ағзадағы сұйықтықты толтыру керек. Мысалы, күлерге дейін және кері қарай жүріңіз. Екіншіден,Егер жұмыс көп болып, басты еңкейтіп, иықты айналдыру, аяқты сәл көтеріп, бірнеше рет айналдырып қозғалтыңыз. Үшіншіден,Кешке қарай жұмыс үстелінде ыңғайсыз күйде ұзақ уақыт отырғаннан арқа ауыруы мүмкін. Жұмыста үзіліс кезінде қабырғаға жақындап, арқаңызбен сүйеніп тұрыңыз. Кем дегенде екі минут.Төртіншіден, Белдің ауыруын жеңілдету үшін орындықты үстелден жылжытып қойыңыз да, отырған бойы аяқты созып, соған қарай тартылыңыз. Осы жаттығу кезінде бүкіл денені, әсіресе, мойынды бос ұстауға тырысыңыз. Сонымен қатар мүмкіндігінше бұралып, иіліңіз. Бесіншіден,Кеңседе ғана емес, күнделікті өмірде де көбірек қозғалыс жасауға тырысыңыз. Лифттің орнына баспалдақпен жүріңіз, көлікті кеңседен алыс қойыңыз немесе жаяу жүру үшін автобустан аялдамаға жетпей, бұрынырақ түсіп қалыңыз. 

...

Скачать:   txt (10.2 Kb)   pdf (75.7 Kb)   docx (17.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club