Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологияның адам өміріндегі алатын орны

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Реферат  •  956 Слов (4 Страниц)  •  696 Просмотры

Страница 1 из 4

                         Халықаралық туризм және меймандостық университеті

                                           Туризм және спорт факультеті

   

       

        СӨЖ

      Тақырыбы: Психологияның адам өміріндегі алатын орны

                                                                                    Орындаған: Манат Т.Ә.

                                                                                    Топ:ХІТ-21-03

                                                                                    Қабылдаған: Нуралиева А.Ж.

                                             

                                     Түркістан қаласы, 2021 жыл

                                                           Эссе

                              Психологияның адам өміріндегі алатын орны

Психология – адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан-алуан сезім, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады.

  Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен түбегейлі айырмашылықта болатыны айдан анық. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен жэне сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда - адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (44.2 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club