Психология
Автор: Nazym Abilbashar • Февраль 12, 2023 • Сочинение • 274 Слов (2 Страниц) • 181 Просмотры
Биология 104 группа.Әбілбашар Назым
Психология – бұл адамның жан дүниесін, оның мінез-құлқын,жалпы психикалық құбылыстарын зерттейтін ғылым.Бұл терминді алғаш рет неміс философы Христиан Вольф енгізген болатын.Психология термині грек тілінен аударғанда «жан туралы ілім» деген мағынаны білдіреді.Яғни, бұл адамның өзі туралы,оның өмірі мен мінез-құлқы туралы білім.
Адам өмірінде психологияның алар орны ерекше деп ойлаймын. Себебі, ол адам өмірінің құбылыстарының бәрін зерттейді. Адами сезімдер мен эмоциялардың салдары мен себептерін қарастырады.Бұл ғылым кез келген саланың бір бөлшегі болып табылады,өйткені құндылықтардың жоғары бағалануы үшін бұл ілімнің маңызы зор.Мысалы, әлеуметтік психология,педагогикалық психология,медициналық психология сияқты салаларды атай отырып,оның барлық салада жоғары тұратынын көре аламыз.Әрбір мамандық пен психология бірге жүріп,бірге тыныстайды.Мұндағы оның басты қызметі - адамдар арасындағы өзара құндылықтарды жоғары қойып,олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу болып табылады.
Ғылыми анықтамаларды былай қойып,өз түсінігімде айтар болсам,мен үшін психология - бұл адамның ішкі әлемі,оның сезімдері және ойлары.Осы кезге дейінгі оқыған психология жайлы кітаптардан түйгенім - психология өмірдің мәнін,ондағы әрбәр сәттің бақыт екендігін,әрі олардан ләззат ала білуді ұғындырады.Менің ұғымымда, психология бұл адамның өзін тануы,тани отырып оны жан-жақты дамытуы деп айтар едім.Тұлғалық даму - бұл мәңгілікке жалғасатын өмірлік процесс болса,психология осы дамудың түп қазығы деп ойлаймын.
Менің өмірімде психология маңызды рөл атқарады,өйткені мені қоршап жатқанның бәрі менің санама,менің сезімдеріме әсер ететіні сөзсіз.Психология маған өзімді жақсы зерттеуге көмектеседі,адамдарды түсінуге, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қалай тиімді құруға және ең бастысы, өзімді және өзімнің құндылықтарымды бағалауға мүмкіндік береді.
Психологияны әркім өзінше түсінеді.Сонысымен де, психология әр адамның индивид екеніне дәлел бола алады.Қорыта келе айтарым, психология - өзімізді жақсы түсінуге, біздің проблемаларымызды және олардың себептерін анықтауға, кемшіліктеріміз бен күшжігерімізді түсінуге көмектеседі.Оның зерттеуі адамгершілік қасиеттер мен адамгершіліктің дамуына ықпал етеді.Психология өзін-өзі жетілдіру жолындағы мағызды қадам болып табылады.
...