Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушылар ұжымын зерттеудің үлгі бағдарламасы

Автор:   •  Февраль 22, 2023  •  Реферат  •  969 Слов (4 Страниц)  •  197 Просмотры

Страница 1 из 4

Оқушылар ұжымын зерттеудің үлгі бағдарламасы.

Тәжірибелі тәрбиешілер әдетте жекелеген оқушыларды ғана емес, жалпы

оқушылар коллективін де зерттейді. Бастауыш коллективтің күшті және әлсіз жағын біле отырып, олар тәрбие жұмысын зор табыспен ұйымдастырады, оны жеке адамды қалыптастырудың қуатты құралы және қажетті шарты ретінде пайдаланылады. Оқушылар коллективін педагогикалық практика кезінде немесе тәрбие жұмысы методикасының мәселелерін терең зерттеу кезінде студенттер де зерттейді. Сондықтан оқушы адамгершілігін  зерттеу бағдарламасы ғана емес, сонымен бірге оқушылар ұжымын де зерттеу бағдарламасы қажет.

Психологиялық-педагогикалық әдебиетте талдау жасау мен мектептер тәжірибесін жинақтау негізінде оқушылар ұжымын зерттеудің мынадай бағдарламасын масын ұсынуға бйлады:

I.  Ұжым құрамы және оның жалпы сипаттамасы. Оқушылардың танымдық дәрежесі және жалпы дамуы, олардың жұмысқа қабілеті мен үлгірімі. Кластық қоғамдық бейнесі. Қоғамдык істерге деген ынта. Қоғамдық тапсырмаларды орындау. Кластың идеялық-саяси бағыты.   Кәсіптік   ынта мен бейімнін басымдылығы.        

II.  Класс ынтымағы. Класта топтар бар ма. Оқушылардың бір-біріне қатынасы. Олар класс пен жалпы мектеп істеріне қалай қарайды. Бос уақытты бірге өткізуді, көңіл көтеруді немесе бірге еңбек етуді ұната ма. Ұлдар мен қыздар дос па. Оқушылар  коллективінің мүшесін қорғай ма. Класта кінәлілерді кепілдікке алу жоқ па. Бар болса, ол неден көрінеді. Оқушылар өз класының табысы мен сәтсіздігін ойлай ма?

III. Кластың ұйымшылдығы. Коллективтік істерді орындау үшін оқушылардың өздері ұйымдаса біле ме. Олар жұмысты өзара бөлісіп алуды біле ме? Оқушы коллективі органдарының шешімдеріне бағына ма және оның өкілдерінің айтқаның орындай ма.

IV. Кластағы қоғамдық пікір. Оқушылар жолдастарының қандай қылықтарын жақтайды, қандайын ұнатпайды. Олар өздерінің ұнатуы мен жақтырмауын қалай білдіреді. Оқушының айтқаны мен істегенінің арасында алшақтық бар ма. Кластағы сын мен өзара сын.

V.  Коллективтегі жолдастық байланыстың сипаты. Оқушылар мектепте және одан тыс жерде  достаса ма?   Олар жолдастарына мейірімді ме. Оларға көмектесе ме. Өз достарына талап қоя біле ме. Олардың кемшіліктерін көре біле ме. Класс тентектерге, озат-тарға, үлгірмеушілерге қалай қарайды. Дене мүшесі кемтар жолдастарына қатынасы.

VI. Класс активі. Оның құрамы. Активтің беделі бар ма. Белсенділер кластағы жолдастарына қалай қарайды. Үнемі  актив құрамында жүрген оқушылар бар ма. Белсенділер  кластан қол үзбей ме. Оларды класта сыйлай ма.

VII. Класс коллективінің жалпы мектеп коллективімен байланысы. Кластағылар мектепте және басқа класта не болып жатқанын біледі ме? Мектеп өмірін жақсарту туралы ұсыныстар жасала ма. Класс жалпы мектептік тапсырмаларды тұрақты және анда-санда) қалай орындайды. Оқушылар басқа кластармен араласа ма. Олар жалпымектептік шараларға қалай қатысады.

Сынып сағатына талдау жасау үлгісі

1. Сынып сағатының тақырыбы және оның сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде алатын орны

2. Сынып сағатының білімділік-тәрбиелік міндеттері, әр оқушы үшін жеке тұлғаның мәнділігі.

3. Сынып өткізуге мұғалім және оқышылардың дайындығы:

а) Шараларды өткізуге мұғалім және оқушылардың дер кезінде дайындығы;

б) Оны дайындауда оқушылардың белсенділік деңгейі.

4. Сынып сағатының барысы:

а) Сынып жетекшісінің эмоциалдығы, сенімділігі, нақтылығы, сынып сағатының мақсатын және міндеттерін оқушылардың алдында қою және ашу;

б)  Сынып ұжымының даму деңгейіне мазмұны сәйкес шараларды өткізу технологиясы және тақырыптың бағыттылығы;

в) Сынып сағатын өткізуде сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігі: педагог әдебі, мәдениеті, қарым-қатынасы, тәрбиешінің сыртқы келбеті; сынып сағатын өткізулің алғашқы кезеңінде психологиялық сәйкестікті құру; оқу уақытын тиімді пайдалану; сынып жетекшісінің түзету әрекеті.

5. Сынып сағатының қорытындысы:

а) сынып сағатының міндеттері және мақсатқа жету;

б) өткізілген шаралардың  жағымды және жағымсыз аспектілері, олардың себептері;

...

Скачать:   txt (15.5 Kb)   pdf (103.4 Kb)   docx (12.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club