Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен және менің мотивациям

Автор:   •  Октябрь 20, 2020  •  Доклад  •  756 Слов (4 Страниц)  •  7,768 Просмотры

Страница 1 из 4

Мен және менің мотивациям

 Мотивация-жетістікке жетуді қамтамасыз ететін ынталандырушы күш. Әр адамның алға қойған мақсаты, қол жеткізгісі келетін арманы болады. Өз қалауын орындау үшін соған қарай ынталанады, яғни өзіне стимул қояды. Мақсатқа жетер жолда қиындықтарды жеңуде мотивация көмектеседі. Адамға сыртқы ортадан мотивация беретін күштер көп, бірақ әр адамның оны қабылдауы әртүрлі. Мотивацияның ең маңыздысы оның қабылдауында. Өзіңді ынталандыра білсең, ешқашан берілмеуге және мықты болуға күш салсаң ең үлкен мотивация деп айтар едім. Әрдайым жақсы ой ойлап, іштей өз-өзіне сену- өзіне деген мотивациян. Жақсы ойлар адамға позитивті шақырады. Позитивті ойлар жақсы көңіл-күй сыйлап, жұмысқа ынталандырады. Ал бұның бәрі жақсы нәтижеге қол жеткіздіреді. Өзімізді мотивациялау арқылы қиындықтарға берілмейміз. Мысалы, менің мектеп кезіндегі  басты мақсатым қалаған жоғары оқу орнына грантқа түсу болатын. Менің бұл мақсатым орындалды. 10-11 сыныптарда осы арманымды жүзеге асыру үшін тыңбай еңбектендім. Күнделікті уақытымды оқуға арнадым. Әрине, қатты шаршаған, жалығып кеткен, жылаған кездерім де болды. Бірақ өзімді ыңталандырып, мақсатым үшін бар күш жігерімді салдым. Бұл менің стимулым болды, ал мотивацияны мен ата- анамнан, достарымнан және мұғалімдерімнен алдым. Арманым орындалғаннан кейін қатты қуанып, іштей мақтаныш сезімі болды. Мотивация адамға екі түрлі нәтиже береді: бірі-сыртқы сыйлық, екіншісі-ішкі сыйлық. Сыртқы сыйлық дегеніміз сыртқы ортадан естіген мақтау сөздер немесе сыйлық не ақшалай түрде алады. Ал ішкі сыйлық дегеніміз өзі қол жеткізген мақсатқа іштей қуану, өз істеген ісімен мақтаныш сезімі ояну.

Адамның мақсатына жету үшін тек армандауы жеткіліксіз, жоспар құрып көп еңбектенуі қажет. Өзің ынталандыратын мотивацияны да ұмытпау керек. Әр адам мотивацияны әр түрлі алады. Кино қарау, кітап оқу немесе адамдармен сөйлесу оларды ынталандыру мүмкін. Маған үнемі ата анам қолдау көрсетіп, көмектеседі. Әрдайым балаларының болашағы үшін аянбайтын. Біздің білімді азаматша болып, өмірде, өз орнымызды тауып, сүйікті ісімізбен айналысқанымызды қалайды. Осы үшін ата- анама үлкен алғысымды айтамын және оларды қуанту үшін барымды саламын. Менің үлкен мотиваторларым-ол менің ата-анам.                                                                                                                                                            

...

Скачать:   txt (6.8 Kb)   pdf (32.7 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club