Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ежелгі тәрбие мен психология тарихы

Автор:   •  Октябрь 4, 2023  •  Реферат  •  1,174 Слов (5 Страниц)  •  189 Просмотры

Страница 1 из 5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Ежелгі тәрбие мен психология тарихы»

Орындаған: ПП-23 тобының студенті Есимова Жансая

Тексерген: Шарипова Орынбасар Боранбаевна

Ежелгі тәрбие. Азиялық аумақта алғашқы адамдардың пайда болуы 9-7 мыңжылдықтар шамасындағы ең ежелгі палеолит кезеңінде Сібір, Қырым. Кавказ. Орталық Азия және кейіннен Днестр, Дон жағалауларында пайда болған деген пікірлер бар.

Сол деректерге қарасақ, ежелгі адамдар еңбек және аң аулау құралдарын жасап, әртүрлі топтық-шаруашылық әрекеттермен айналысқан, үңгірлерге паналап алғашқы от жағу, тағам дайындау, жеміс-жидектердің дәнін,тамырын жинау, сақтау, т.б. істерді атқаруға үлкендермен қатар балалар да қатыстырылған. Осындай жағдайда тәрбиенің пайда болуын көруге болады. Жас ұрпақты күнделікті істелінген заттар арқылы, тәжірибелерді жинақтай келе, олардың қажеттілігіне талаптандырды. Үлкендер мен кішілердің бірге істеген еңбектері болашаққа керектісін үйретті.тұрмыс тіршіліктің барысы, алғашқысында аң мен балық аулау қауымдастықтарын қалыптастырса, егін және мал шаруашылығымен адамдар өміріне мол өзгерістер енгізді.

Осы кезеңде аналық-рулық матриархат қауымдастығы өрбіді. Балаларды тәрбиелеу тайпа көсемдеріне, ақсақалдарға жүктеліп, ертегі айту, ойын ұйымдастыру және өлең  айту түрлері, сол дәуірдегі тәрбиенің мазмұндық құрамына айналды. Қоғамдағы билеуші топтар балаларды еңбекке баулу тәрбиесіне, есеп-шоттыпайдалануды, ауа-райын болжау, адамды емдеп бірінші көмекке жүгінуді үйретті.

Қауымдастыққа қалыптасқан жағдайларға байланысты аңшыны, бақташын, диханды тәрбиелейтін бағдарламалар белгіленіп, жасөспірімдердің білім, практикалық дағдыларын дамытуға ат салысты. Қыз балаларға арналған бағдарламаларда оларды үй шаруашылығына, үй кәсібіне үйретті.

Жастарды тек қана дене шынықтыру сабақатрынан басқа, оларды рулық қауымдыстыққа, рулық аңыздарды үйретіп рухани жандандырды. Жас ұрпақты тәрбиелеуде қауымдастықтың барлық мүшелері қатысқан. 10-12 жасар балалар үлкендер қатарына қосылу үшін тіршілікке қажетті іскерлік пен дағдыларды игеруге тиіс болған. Ал бала 13-ке толғанда отбасы иесі саналып, үлкендер қатарына жатқызылған. Жастар тұрмыстық құралдарды жасауға және қолдануға дағдыландырылған. Мәселен, балалар арасында аң құстарды, үй жануарларын, адамдарды бейнелейтін ойыншықтар жасау кеңінен тараған. Дон дариясының жанындағы Костенка ауылындағы ертедегі балалар жасаған ойыншықтар палеолит дәуіріндегі қорғаннан табылған.

Рулық қауымдастықта балаларға бостандық пен және әр істі өз бетінше орындауға ерік берілді. Балалардың іс-әрекеттерінде ойын элементтерін пайдалануы, сюжеттік, рөлдік ойындарды орындауы мінез құлықты, жүріс-тұрысты дамытудың пайдалы құралдары деп есептеді.

Сонымен қатар, сөйлеу  мәнеріне, биге  үйретуде, есте сақтау, жаттықтыру,  қайталау  элементтері қолданылды,  кейбір кемшіліктері үшін баланы   жазалау  әдістері (ескерту,  зекіру,  ұру)  кеңінен пайдаланылды.

Балалардың бойында тапсырмаларды есте сақтау, оларды тиянақты орындау тәртібін білу, қауымдастықтағы өз орнын сезіну дағдылары қалыптастырылды. Ал, егер тапсырмалар жеткіліксіз орындалса, баланы жазалау және жастардың кемелге келу жүйесін басқару рулық  қауымдастықта арнайы айналысатын қарт адамдарға жүктелді. Осыған байланысты  рулық қауымдастықта сол ақсақалдар тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдерін ойластырды. Бұл  үрдіс кейін келе мазмұндық жағынан мәдени-тарихи, тұрмыстық және  шаруашылық дәстүрлермен сабақтастырыла дамытылды, сөйтіп  педагогикалық қызметтің бастапқы түрлері сұрыпталып шыға бастады. Сонымен, алғашқы  қауымдастықтың ыдырау жағдайында тәрбиенің дербестенуі басталды, оған басты себеп неолит дәуірінде шаруашылықтың өнім өндіру түріне көшу адамдардың өмір тіршілігіне ауқымды өзгерістер енгізіп, тәрбие ісіне де елеулі  ықпал жасады.

...

Скачать:   txt (17.3 Kb)   pdf (173.8 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club