Ежелгі және ортағасырлар тарихы
Автор: dana.zhandosovna • Июнь 11, 2022 • Реферат • 4,726 Слов (19 Страниц) • 294 Просмотры
«Ежелгі және ортағасырлар тарихы» залының экскурсиялық мәтіні
Құрметті қонақтар! Мен сіздерді ежелгі және ортағасырлар тарихы залына шақырамын. Бұл жерден сіздер тас дәуірінен бастап дамыған ортағасырларға дейінгі Қазақстан тарихымен таныса аласыздар. Зал экспозициясы тас дәуірі, қола дәуірі, ерте темір дәуірі және ортағасырлар кезеңіне бөлінген 4 тақырыптық бөлімдерден және ежелгі Қазақстанның тұрғындарының антропологиялық зерттеулеріне арналған бөлімшеден тұрады.
Адамзат тарихы миллион жыл бұрын, тас дәуірінен бастау алады. Адамзат қоғамы дамып, қоғаммен бірге тарихи кезеңдерде ауысты. Тас дәуірінің орнын қола дәуірі (ж.с.д. ХVІІІ–VІІІ ғғ.), одан кейін ерте темір дәуірі (ж.с.д. VIII-III ғғ.), ең соңында ерте ортағасырлар дәуірі басты.
Тас дәуірінде, шамамен 1 миллион жыл бұрын Қазақстан жерін адамдар мекендеді.
Осы экспозиция бөлігінде Сіз ата-бабаларымыздың жалпы бет-әлпетін көре аласыздар. Ұзақ созылған тарихи кезең шеңберінде Палеолит кезеңінен бастап 1 млн. жыл бұрын Түрік қағанаты кезеңіне дейін олардың антропологиялық түрі өзгеріп, Қазақстан халқы қазіргі уақытқа сәйкес келетін антропологиялық бет-пішінге ие болды. Витринада неолит дәуірі адамының, қола дәуіріндегі әйел адамның, Берел обасының, үйсін, сармат көсемі антропологиялық бет әлпеттері мен ж.с.д. VI-VIII ғасырлардағы Жамбыл облысы аумағын мекендеген түрік қағанының қайта қалпына келтірілген бет-бейнесі көрсетілген. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиясын зерттеуде алғашқы қазақ антропологы, ұлттық антропология мектебінің негізін қалаушы, қазақ халқының генетикалық құрылымын зерттеуші О.Смағұлов үлкен үлес қосты.
Ғалымдар тас дәуірін үш үлкен кезеңге: палеолит, мезолит және неолитке бөлді. Палеолит дәуірі немесе ерте тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзақ кезеңдері болып табылады. Дәл осы дәуірде, 1 миллион жыл бұрын Қазақстан территориясына алғашқы адамдар Орта Азиядан келді. Батыс Қазақстан, Солтүстік Балқаш, Қаратау жотасынан табылған ескерткіштер осыны дәлелі болып табылады. Осы кезеңнен бастап еліміздің тарихы басталады. Аталмыш тұрақтардан табылған жәдігерлер жер бетінде жатып, Африкаданжәне Таяу Шығыстан табылған жәдігерлермен ұқсас келеді. Оңтүстік Қазақстанда Қошқорған-Шоқтас кешені табылған. Осы жерде жер қабатында жатқан жәдігерлермен бірге бизон, керік және т.б. жануарлардың сүйек қалдықтары анықталған. Аталған жануарлардың сүйек қалдықтары 510 мың жыл бұрын уақытпен мерзімделеді.
Сіздердің алдарыңызда алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының үңгірінің макеті берілген. Алғашқы адамдар үңгірлерді тұрғын жай ретінде пайдаланған. Онда саны 30-ға дейін адамдар тобынан тұратын туыстық жақындығы бар, онша үлкен емес қауымдастықтар тұрды. Ежелгі адамдар мұндай үңгірлерде суықта тоңбау және жабайы аңдардан қорғану үшінпаналаған. Үңгірлерде палеолит дәуірінің адамдары тұрғанын анықтау қиын емес, археологтар үңгірлердің ішінен еңбек құралдарын, жануарлардың сүйек қалдықтары мен оттың қалдықтарын тапқан.
Қазақстан аумағындағы ең белгілі үңгірлер оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жоталарында орналасқан. Соңғы 3 жыл ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қызметкерлерімен Жамбыл, Түркістан облыстары мен Қаратау жотасынан бұрын анықталмаған 83 үңгір табылған.
Палеолит дәуірінде-ақ адамзат өнерге бір табан жақындады. Алғашқы суретшілер үңгірлердің қабырғасына күнделікті тұрмысына әртүрлі сюжеттерді бейнелеген. Көбінесе, жабайы аңдарды аулау, адамдардың қозғалыстағы бейнелері және қарапайым алақан бейнелері салынған. Ежелгі суретшілердің ойынан көптеген таңғажайып бейнелер туындаған.
Палеолитдәуірінде адамдар тастан жасалған әртүрлі еңбек құралдарын пайдаланған. Археологтар Қазақстан аумағынан тас дәуірінің көптеген тұрақтарын тапты. Олардың ішінде Шақпақ ата, Арыстанды, Шүлбі, Майбұлақ, Тоқтауыл, Тәңірқазған, Бөріқазған, Ч.Уәлиханов атындағы тұрақ, Үшбұлақжәне т.б. үңгірлер бар. Аталған тұрақтардан чоппер, кескіштер, бифастар, пышақтар, қырғыштар мен жебе ұштары тәрізді ежелгі тас еңбек құралдары табылған. Мына витринадан сіздер алғашқы адамдар күнделікті тұрмыста қолданған тас құралдарын көре аласыздар. Олар шабу және кесуге арналған, сонымен қатар жануарды сою үшін де пайдаланылған. Қазақстанның палеолит дәуірін зерттеуде Х.А. Алпысбаев жәнеА.Г.Медоев сынды т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты.
...