Бақытты отбасы
Автор: omirzak.nazerke • Сентябрь 28, 2022 • Эссе • 688 Слов (3 Страниц) • 5,009 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық Университеті
[pic 1]
Эссе: Бақытты отбасы
Институт: Математика,физика және информатика институты
Мамандық: 6В01501-Математика
Топ: МОК-212
Орындаған: Өмірзақ Н.
Қабылдаған: Асилбаева Ф.
Алматы, 2022
Эссе
Бақытты отбасы
Отбасы – бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері басқа адамдарға қарағанда, (мысалы, дос, өмірлік жар, т.б.) біз таңдап ала алмайтын, біздің тағдырымызға жазылған жандар болғандықтан, олардың орны біздің өмірімізде ерекше орын алады. Отбасы бізге тағдырдан берілген ең қымбат сыйлық іспеттес: олардың аман – есен, күліп жүргенінің өзі біз үшін үлкен бақыт. Отбасы мүшелерін тек қана тамырында ағып жатқан бірдей қан емес, жүрекпен сезінетін жақсы көру, алаңдау, қамқорлық жасау, түсіністік сияқты ұлы сезімдер байланыстырады.
Отбасы – біздің ең жақсы көретін, бізге жылу мен махаббат сыйлайтын ең жақын, ең қымбат, ең аяулы адамдар. Отбасы – бізге ең ыстық, ең жайлы және қауіпсіз жер.
Отбасы – бізді қалай бар , солай қабылдайтын адамдар. Отбасы – біздің қуанышымызға бізден артық қуанып , біздің қайғымызға бізден артық қайғыратын адамдар. Отбасы – біздің әр басқан қадамымыздың куәгері.
« Отан – отбасынан басталады ». Расында да, отбасы – біздің кішкентай отанымыз. Екі адам бір – бірін жақсы көріп, бір – біріне деген сенімі мен махаббаты бір – бірінің тағдырларын байланыстыратындай дәрежеге жеткеннен кейін отбасы құрады. Сосын олардың отбасында кішкентай балапандар пайда болады. Кейін олар да өсіп, қоғамның толық мүшелеріне айналады. Міне, осылай бүтіндей мемлекет пайда болады.
Мен де өз отбасымды бақытты кішкентай мемлекет дей аламын.Біздің жанұя ата – анам, ағаларым мен әпкем және менен тұратын. Қазіргі кезде бауырларым өз алдына жеке мемлекет болып, өз отбасыларын құрды. Солай біздің кішкентай мемлекет бөлек кішкентай мемлекеттерден тұратын үлкен әлемге айналып бара жатыр.
« Бала ұяда не көрсе , ұшқанда соны іледі » - демекші, отбасы – баланың өсіп – жетіліп, толық қанды азамат болуы үшін үлкен рөл атқаратын орта. Бала отбасынан ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, қай жерде өзін қалай ұстау керек екенін, қоршаған орта туралы түсінігін ұғынып, өзінің ой – санасын , мінез – құлқын қалыптастырады. Бала генетикалық днк арқылы ата - анасының биологиялық қасиеттерін алған секілді, тәрбие, ата – анасынан көргені арқылы ата – анасының мінездері мен өзін ұстаулары, тіпті сөйлеген сөзіне дейін бойына сіңіреді. Баланы сыпайылыққа, төзімділікке, дұрыс сөз айту мен мәдениет сақтауға үйрету , бір сөзбен айтқанда жақсы адам қылып тәрбиелеу әрбір ата – атаның парызы.
...