Үй жануарлары
Автор: shengelbaeva151 • Сентябрь 24, 2022 • Реферат • 581 Слов (3 Страниц) • 223 Просмотры
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеумет, Денсаулық
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, орыс тілі, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, Жапсыру, сурет салу, мүсіндеу.
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларға жыл бойы өтілген оқу қызметтеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білім-білік дағдыларын сараптау. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Көрнекілік-құралдары: презентация, үй жануарларының суреттері.
Шаттық шеңбері: Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Ал, қанеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
( Здраствуйте!)
Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл бар? (1жылда 4 мезгіл бар)
- Аттарын атап айтайықшы? (күз, қыс, көктем, жаз)
- Қазір жылдың қай мезгілі? (көктем мезгілі)
- Көктем мезгілінде неше ай бар? (3ай бар)
- Көктем мезгілінің айларын айтайықшы?(наурыз, сәуір, мамыр)
- Бір аптада неше күн бар? (7күн бар)
- Апта күндерін атап беріңдерші? (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі)
Жарайсыңдар балалар! Ал, енді орындарымызға отырайық.
Тәрбиеші: баяу музыка қосылады. Балалар мына дауысты естіп тұрмыз ба? Бізге қонақтар келген екен. Бұлар кімдер екен? Қане, өздерінен сұрайықшы. Сендер кімсіңдер? Қайдан келдіңдер?
Ғажайып сәт: Дымбілмеспен, Білгішпек келіп өздерін таныстырады. Сәлеметсіңдер ме балалар! Біз Дымбілмеспен, Білгішпекпіз.
Дымбілмес: Балалар сендерден көмек сұрайын деп келдім. Менің қолымда суреттер бар. Бірақ бұлардың не екенін білмей тұрмын. Сендер маған көмектесесіңдерме?
Балалар: иә көмектесеміз
Тәрбиеші: балалар Дымбілмеске көмектесейік. Суреттегі үй жануарларының аттарын атап, қандай пайдасы бар екенін айтып берейік.
1-сурет: қойдың суреті. Пайдасы жүні киім, еті ас болады.
2-сурет: сиырдың суреті. Пайдасы: сүтінен пайдалы өнімдер аламыз. Құрт, айран, қатық, ірімшік. Еті ас болады.
...