Жануарлар
Автор: xxknaos • Февраль 2, 2021 • Лекция • 650 Слов (3 Страниц) • 362 Просмотры
Ағылшын тілі пәнінен 2 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Тақырыбы: "Жануарлар»
Сабақ түрі: Білім мен дағдыларды жетілдіру
Сабақ типі: Аралас-сөйлеу
Сабақтың мақсаты:
* 1. жануарлар туралы сөйлеуге, мәтінмен жұмыс істеуге үйрету.
* 2. Ойлау, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту.
* 3. Жануарлар әлемі туралы білу, оны қорғау.
Құрал-жабдықтар:
- Smart Notebook авторлық бағдарламасы, интерактивті тақта, проектор, компьютер, жануарлар суреті.
Сабақты өткізу тәртібі
I. Ұйымдастыру сәті.
- Қайырлы таң, оқушылар! Отыра беріңдер, рахмет. Біз әлі бір-бірімізді білмейміз! Сол үшін достасып, кішкентай ойын ойнайық. Менде доп бар. Осы допты лақтыру арқылы біз бір-бірімізбен танысамыз. Мен бастаймын содан кейін сендер өз есімдеріңді айтып басқа оқушыға лақтырасыңдар. Соңғы оқушы маған бұл допты лақтыруы керек. Мені түсіндіңдер ме?
-Бүгін қандай күн?
II. Мен үй тапсырмасын тексеремін.
III. Презентация.
1. Сергіту сәті.
Бүгін біз жаңа өлеңді үйренеміз. Тақтаға қараңдар. Алдымен мен оны оқимын. Мені мұқият тыңдаңдар. Сосын сендер қайталайсыңдар.
Elephant
This is the elephant's tail so thin,
Tail so thin, tail so thin,
This is the elephant's tail so thin,
Swish, swish, swish.
This is the elephant's nose so long,
Nose so long, nose so long,
This is the elephant's nose so long,
Blow, blow, blow.
These are the animals all around,
All around, all around,
These are the animals all around,
Run, run, run!
- Бұл өлеңді кім оқығысы келеді? Енді маған айтыңдаршы, бұл өлең не туралы? Пілдерге қауіп төніп тұр ма?
2) жаңа сөздер.
Енді балалар, жаңа сабағымызды бастайық. Біздің жаңа тақырыбымыз - "жануарларға қауіп төніп тұр”. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, біз жаңа сөздерді аударуымыз керек.
hunt
[hΛnt]
аң аулау
tiger
[‘taigә]
жолбарыс
an elephant
[‘elifәnt]
Піл
disappear
[disә’piә]
жоғалу
kill
[kil]
өлтіру
dangerous
[‘deinʤərəs]
қауіпті
skin
[skin]
тері
-Кім оқығысы келеді?
3) Грамматикалық материал.
Мен жаңа материалды түсіндіремін “Present Simple”-Жалпы осы шақ.
Бұл шақ үнемі істелетін және күнбе-күнгі әрекетті, дағдылы жалпы қимыл, іс-әрекетті көрсетеді. Бұл шақ қазақ тіліндегі ауыспалы (жалпы) осы шаққа сәйкес келеді.
PresentSimple do,does көмекші етістіктерімен жұмыс жасайды. Жай осы шақ сұраулы түрі “do” көмекші етістігі арқылы құрылады (“do” көмекші етістігі барлық жақтарда қолданылады), бірақ үшінші жақ жекеше түрінде “does” көмекші етістігі қолданылады. “Do”, “Does” сұраулы сөйлемде бастауыштың алдында тұрады. E.g. Do I write? Does he write? Do we write?
...