Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Автор:   •  Сентябрь 26, 2019  •  Реферат  •  310 Слов (2 Страниц)  •  1,288 Просмотры

Страница 1 из 2

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

            Мамандық сипаттамасы: Өндірістің күрделілігі және принципті жаңа технологиялардың пайда болуы қоршаған ортаға теріс әсерді арттырады және жазатайым жағдайларға, кәсіби аурулар мен жарақаттарға әкеп соғады. Адамның қоршаған ортаға әсері, адамзаттың технологиялық өркениетінің дамуы техносфераға сөзсіз әсер етеді. Бұл үдерістердің барлығы еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы саласында мамандар даярлаудың өзектілігін анықтайды. Уақыт талабы-бұл техносферамен және қоршаған ортамен өзара әрекеттестікте адам қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешуге қабілетті білікті мамандар. Олардың міндеті-техносфераны жалпы және экологиялық қауіпсіз пайдалануды, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды, авариялар мен зілзалаларды болжау мен жоюды қамтамасыз ету.

            Оқу үрдісін жүзеге асыру үшін кафедра арнайы зертханалар мен аудиторияларды қамтитын материалдық базаға ие. Сол материалды қолдана отырып білімгерлер өз теориялық білімдерін практика(тәжірбие) түрінде кеңінен толықтыра алады.

"Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі" мамандығы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары олардың олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және басқа да ғылыми шараларға қатысып жеістіктерін көрсете алады. Мәселен, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 3 курс білімгері Қасымбек Шыңғыс өз жобасын «Startup» байқауына  ұсынып, жақсы қорғау нәтижесінде жеңімпаз атанды.

             Оқуды аяқтағаннан кейін студенттер:

    - Өрт, өнеркәсіптік, экологиялық, химиялық, радиациялық, биологиялық және басқа да қауіпсіздік түрлері саласындағы жобаларды, бағдарламаларды, техникалық шешімдер мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру дағдыларын меңгереді;

     - қоршаған ортаны және оның құрамдас бөліктерін (ауа бассейні, су, жер, биотикалық және басқа ресурстар) адамның әсерінен қорғау дағдыларын меңгереді;

    - Өмірді қорғау, қоршаған ортаны қорғау және төтенше қорғау саласындағы проблемаларды шешуге байланысты ғылыми-зерттеу, эксперименталды және басқа да қызметтерді жүзеге асыру дағдыларын меңгереді.

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (60.4 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club