Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Технологиялық тәсіл негізгінде мектепті баскару

Автор:   •  Апрель 19, 2022  •  Лекция  •  2,459 Слов (10 Страниц)  •  1,008 Просмотры

Страница 1 из 10

                                                         

Лекция  

Н  11/1-1.36-2021

1 баспа 05.01.2021

    [pic 1]

Пән: Білім берудегі менеджмент

Мамандық: Барлық педагогикалық мамандықтар

Кредит саны: 4

Оқытушы: п.ғ.д., профессор К.Д.Бузаубакова

ЛЕКЦИЯ №9.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘСІЛ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ

Лекцияның мақсаты: Мектепті технологиялық тәсілмен басқарудың негізгі бағыттарын,  ұйымдастыру формалары мен қағидаларының мәнін,  ерекшеліктерін ашып көрсету.

Жоспары:

1. Мектептегі рухани-психологиялық климат.

2. Басқарудың негізгі қағидалары, еңбекті тігінен және көлденеңінен бөлу.

3. Басқару жүйесінің құрылымы, жұмыскерлердің лауазымы бойынша қызметтері.

4. Басқару формасы, әдістері мен құралдары, қызмет түрлері (функциялары). Педагогикалық кеңес.

5. Мектепті технологиялық тәсілмен басқарудың түйіні.

Ұсынылатын  әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Бұзаубақова К.Ж.
    Білім берудегі менеджмент [Мәтін]: Оқулық / К.Ж. Бұзаубақова. - Тараз : ИП  «Бейсенбекова А.», 2020. - 384б. - ISBN 978-601-7903-51-0
  2. Бұзаубақова, К.Ж.
    Білім берудегі менеджмент: тест тапсырмалары, кейстер [Мәтін] : Оқу құралы / К.Ж. Бұзаубақова. - Тараз : ИП «Бейсенбекова А.», 2020. - 87б. - ISBN 978-601-7903-51-3
  3. Бұзаубақова К.Ж.
    Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару [Мәтін] : Оқу құралы / К.Ж. Бұзаубақова, А.Н. Ахметова. - Тараз: ТОО  «Графика-Ю», 2015. - 168б. - ISBN 978-601-7452-69-8
  4. Баймолдаев,Тұрсыбек.
    Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері [Мәтін] : Пед.ғ.к. дис... автореф.-13.00.01: Жалпы педагогика және білім тарихы,этнопедагогика / Баймолдаев,Тұрсыбек; Ғылыми жетекшісі: пед.ғ.д., Ұзақбаева С.А. - Алматы : Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2009. - 46б. - (Қолжазба құқығында). - б/ц.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1) Бахишева С.М.
Қазіргі мектепті басқарудың педагогикалық менеджменті [Электронды ресурс] / С.М. Бахишева. - Орал : БҚМУ, 2008. - 90б.- 4,11 Мб. - 00.00.

2) Шиллинг, Мелисса А.

Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент [Мәтін] : Оқулық / - 5-ші басылым. - Астана : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 380б. - ISBN 978-601-7943-48-6

3)Рикки У. Гриффин. Менеджмент.12-басылым. -Астана:«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 . -768 б.

Интернет-ресурстар: 

1. https://kk.wikipedia.org/wiki/

2. Управление персоналом: учебник / под ред. Т.Ю.Базарова,     Б. Л.Еремина. М.: 1999. http://www.aup.ru/books/m 152/1 2.htm

3. Маслов Е. В. Управление персоналом предприятия //Библиотека Воеводина http://enbv.narod.rU/text/Econom/maslov/str/l 5 .html

4.Ютуб канал Klara Buzaubakova

https://www.youtube.com/channel/UC0LuWN6UZBY2wQ4_KljT60g 

1. Мектептегі рухани-психологиялық климат.

Ұжымдағы психологиялық ахуалдың мазмұндық сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық ахуалды сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтан да А.С.Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді  екпінге баса мән берген.

Әлеуметтік-психолоғиялық ахуал ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық ахуалды осылай түсіне отырып, оның төмендегідей негізгі қызметтерін атауға болады.

Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына баса мән беріледі.

...

Скачать:   txt (35.2 Kb)   pdf (497.9 Kb)   docx (200.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club