Технологиялық процесс туралы жалпы мәлімет
Автор: Arai Barsai • Апрель 27, 2018 • Курсовая работа • 8,021 Слов (33 Страниц) • 889 Просмотры
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында тұрғын үйлерді , түрлі ғимараттарды жылу энергиясымен, ыстық сумен қамтамасыз ету ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ғимараттарды ыстық сумен, жылу энергиясымен қамтамасыз етуде жылу пункттерін қолдану елімізде жаңадан дамып келе жатқан сала. Жылумен қамтамасыз ету түрлі ғимараттардағы жұмыс орнында немесе тұрғын үйлерде қолайлы микроклимат жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде салынып жатырған ғимараттардың барлығы дерлік жылыту жүйесімен, ауа салқындату жүйесімен және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесімен қамтамасыз етіледі. Осы айтылған жүйелердің барлығы жылу пунктінің құрамына кіреді. Жылутасымалдағыштың жылу пунктіне жүруі және кері бағытта жүруі барлығы бір жылыту желісі арқылы іске асады. Жылу пунктін жылыту желісі мен жылуды тұтынушылардың арасындағы байланыстырғыш элемент деп атасақ та болады.
Тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз етуде санитарлық нормалар бойынша тұтынушыға баратын судың температурасы 85°С жоғарылап кетпеуі тиіс. Ал бұл температура жылыту желісінен тым жоғары болып шыққанымен жылыту пунктіне жеткенше құбырлар арқылы өзінің жылуының едәуір бөлігін жоғалтады. Осыған байланысты жылу пунктінде қосымша жылытуды қажет етеді. Жылу тасымалдағышты жылыту үшін түрлі су қыздырғыштар қолданылады.
Жылу электр орталықтарында қолданылатын құрылғаларға байланысты жылу электр орталығы бу турбиналы , газ турбиналы және бугазды деп бөлінеді. Технико-экономикалық жағынан ең тиімдісі ретінде бутурбиналақ жылу электр орталықтары кеңінен таралған. Қазіргі уақытта күн энергиясын және ядролық отынды қолдану үшін көп жұмыстар атқарылуда.Жылу көзі ядролық отын болатын болса оған атом жылу электр орталығы немесе атом қазандықтарын жатқызуға болады. Энергия көзі ретінде күн энергиясы қолданылатын болса, көптеген артықшылықтары: ол таза, уақыты шексіз, бастысы тегін т.б. алайда, күн энергиясының пайдаланылуына оның тығыздығының, өзіндік қуатының аздығы, уақытқа байланысты бірдей таралмағандығы секілді қиындықтар кедергі болады. Сондықтан да күн энергисясын тек белгілі бір аймақтар ғана қолдана алады.
Қазіргі кезде жылу пункттарын қолданған өте тиімді болып табылады. Шет елдерде жылу пункттарын көптеген жылдар бойы қолданады. Ал біздің елімізде жылу пункттары енді дамуда. 1986 жылы қабылданып, 1987 жылы «жылу желілерінің» құрылыстық нормаларымен бекітіліп, 1987 жылдан кейінгі салынған ғимараттарға жылу пункттары салыну керек делінген болатын. Бұдан осыншама қосымша шығын не үшін керек, шынымен ол құрылыс жұмыстарына кеткен қаражатты ақтайды ма деген сұрақ туындайды. Бұл құрылыс жұмыстарына кеткен қаражат тез арада өз шығынын өтейді. Өйткені жылу пункттары арқылы электр энергиясын және жылу энергиясын көп мөлшерде үнемдеуге болады.
Жылу пункті оған жалғанған жылу тұтыну жүйелерінің саны мен типіне, жеке ерекшеліктеріне байланысты құрылғылардың сипаттамасын және жылулық схеманы анықтайды. Және де құрастыру түріне, құрылғыларды орналастыру ерекшеліктеріне байланысты болады.
Жылу пункті келесі түрге бөлінеді:
Жеке жылу пункті (ЖЖП). Бір ғана тұтынушыны жылумен қамтамасыз ету үшін қолданылады. (ғимарат немесе оның бөлігі болуы да мүмкін) Әдетте жертөледе немесе ғимараттың техникалық бөлігінде орналастырылады. Бірақ тұтынылатын ғимараттың тутыну ерекшелігіне баланысты жеке шағын ғимаратта орналастырылуы да мүмкін.
Орталық жылу пункті (ОЖП)- бір топ тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету үшін қолданылады. (яғни ғимараттар, өндіріс орындары болуы мүмкін) Әдетте, көпшілік жағдайда жеке дара ғимаратта орналастырылады, бірақ тұтынылатын ғимараттардың бірінің жертөлесінде немесе бір бөлігінде орналасуыда мүмкін.
Блоктік жылу пункті (БЖП) – заводтық жағдайда дайындалып, құрастыру үшін дайын блок ретінде беріледі. Бір немесе бірнеше блоктан тұрады. Блок қондырғыларын жөндеу кезінде өте шағын болады,әдетте бір рамада болады. Көбінесе орын тапшылық болғанда, көлемі шағын болғаны үшін осы БЖП қолданылады. Жалғанатын тұтынушылардың санына байланысты БЖП ЖЖП да, ОЖП да жатқызуға болады.
...