Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бірнеше рет бақылаумен жиынтық және бірлескен өлшемдердің нәтижелері мен қателіктерін бағалау

Автор:   •  Октябрь 2, 2022  •  Реферат  •  1,008 Слов (5 Страниц)  •  261 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті

Физика-техникалық факультеті

Радиофизика және электроника кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: «Бірнеше рет бақылаумен жиынтық және бірлескен өлшемдердің нәтижелері мен қателіктерін бағалау»

Орындаған: ТФК-208 тобының

Студенті Ерболатов М.Ж

Қабылдаған: Хасенов А.Қ

Қарағанды 2022 жыл

Мазмұны

    Кіріспе

1. Өлшеулердің маңызы және негізгі түсініктері

2. Өлшеудің түрлері мен қателіктері

    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Өлшеу – адамның тәжірибелік әрекеттер теориясын біріктіретін табиғаттың адамға тағайындалған жолдарының бірі болып табылады. Ол ғылыми бөлімдердің бірі болып саналады, материалдық рессурстарды санау, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету, технологияны толығымен жетілдіру, өнімді автоматтандыру үшін және адам қызметінің көптеген басқа салалары үшін қызмет етеді. Өлшеу мен өлшеу техникасының теориялық негізі болып жалпы метрология жатады, ол объектінің қасиеттері мен берілген дәлділігі мен сенімділігі жөніндегі мөлшерлі ақпараттары алу үшін арналған пән болып табылады. Өлшеу басқару немесе бақылау объектісі жөніндегі мөлшерлі ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді, техникалық процестің барлық берілген шарттарын дәл көрсету, бұйымның жоғарғы сапасын қамтамасыз ету және объектіні тиімді түрде басқару мүмкін емес. Берілген оқу құралы өлшеу мен құралдарын таңдап алу, әртүрлі физикалық шамаларды өлшеуге, өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалауға байланысты өндірістік және ғылыми есептерді шешу үшін қажет білімдер мен дағдылық негіздерін беретін мәселелер қарастырылған. «Өлшеу» ұғымы әртүрлі ғылым (математика, физика, химия, психология, экономика және т.б.) салаларында кездеседі және олардың әрқайсысында ол әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Кез-келген өнімді өндіру бірнеше өлшеулер жүргізу арқылы жасалынады. Өлшеу арқылы өнімнің сапасына, өлшем бірліктеріне басқада қасиеттеріне қойылатын талаптар анықталады. Қазіргі заманғы ғылым мен  техниканың дамуы жабдықтардың  күрделенуімен, машиналар мен аспаптардың  бірімен-бірі тығыз байланысты жүйесін қолданумен және оларды әр түрлі қиын жағдайларда пайдаланумен, заттар мен нәрселердің сан алуан түрін қолданумен жалғасып жатыр.

Өлшеулердің маңызы және негізгі түсініктері

Физикалық құбылысты тереңірек түсіну үшін, алынған мәліметтер толық және обьективті болуы тиіс. Сондықтан, физикалық шама мағынасын нақты білу үшін ең алдымен мәліметтерді алу жолы мен технологиялық процестерді басқаруды үйрену қажет. Мәлімет деп - әр түрлі дабылдар мен белгілер арқылы көрсетілген процестердің сипаты мен күйін айтады. Мәлімет алудың негізгі құралдарына өлшеу аспаптары мен өлшеу құрылғылары жатады. Өлшенетін физикалық шамалар механикалық, электрлі, жылулық, оптикалық, акустикалық, магниттік, радиоактивтік т.б. болуы мүмкін. Бұл шамалардың кейбіреуі техникалық процестер өтуінің тікелей көрсеткіштері болып табылса, ал басқалары олармен функционалды байланыста болады. Осылардың бірлігін қамтамасыз ететін өлшеулер, әдістер және құралдар мен қажетгі дәлдікке жету тәсілдерін зерттейтін ғылымды метрология деп атайды. Метрологияның басты проблемасына, өлшеудің жалпы мәселелері, физикалық шамалардың бірліктері, олардың жүйелері туралы мағлұматтар, өлшеу әдістері мен құралдары, өлшеу дәлдігін анықтау әдістері және т.б. жатады. Физикалык. шамалар деп, көптеген физикалық объектілер үшін жалпы сапалық қатынастағы, бірақ әрбір объект үшін мөлшерлік қатынастар жағынан жеке қасиетке ие болатын шамаларды айтамыз. Физикалык шамалар жүйесі деп, өзара нақты тәуелділіктерімен байланысқан осы щамалардың жиынтықтарын айтады. Олар – негізгі туынды және қосымша шамалардан тұрады. Жүйеге енетін және осы жүйелердің басқа шамалар шартты түрде тәуелсіз қабылданған физикалық шаманы физикалык, шама деп атайды. Халықаралық жүйеде жеті негізгі шама бар - үзындық, масса, уақыт, термодинамикалық Кельвин температурасы, тоқ күші, сәуле күші және заттың мөлшері. Жүйеге енетін және оның негізгі шамалары арқылы анықталатын физикалық шаманы туынды физикалык шама деп атайды. Мысалы Халықаралық жүйедегі күштің шамасы F = ma, мүндағы m – масса,  a - күштің әсерінен туатын үдеу. Берілген шаманы жүйенің негізгі шамалары арқылы сипаттайтын, пропорционалдық коэффициенті бірге тең, сәйкес дәрежеге шыгарылған негізгі шамалардың туындысын көрсететін өрнекті физикалық шаманың өлшемділігі дейді. Мысалы, Халықаралық жүйедегі күштің өлшем бірлігі кг • м/с² , меншікті жылу сыйымдылықтың Дж /(кг*К), молярлық көлем м³ /моль және т.б. Сонымен қатар, жүйелі бірліктер де негізгі, туынды және қосымша түрге бөлінеді. Жүйені құру кезінде еркін тандалған физикалық шамалардың бірлігін негізгі, ал берілген жүйенің басқа бөліктерінен осы бірлікті анықтайтын теңдіктен пайда болған шаманы туынды физикалык шама деп атайды. 

...

Скачать:   txt (15 Kb)   pdf (118.6 Kb)   docx (22.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club