Педагогикалык және шығармашылық тапсырмалар педагогикалык тапсырма
Автор: feruzakoshanova • Ноябрь 11, 2021 • Реферат • 3,485 Слов (14 Страниц) • 426 Просмотры
Тапсырма | Н 11/1-1.36-2021 1 баспа 05.01.2021 | [pic 1] |
Пән: Жоғары мектеп педагогикасы
Мамандық: Математика Педагогтерін Даярлау
Кредит саны: 4
Магистрант:Қошанова Феруза
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
Тапсырма-1. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптарды ашып көрсетіңіз және төмендегі 1-кестені толтырыңыз.
- Пән бойынша аудиториялық және өзіндік жұмыстың көлемінің өзара үйлесімділігі: сабақ кестесінің дұрыс құрылуы; СӨЖ көлемінің нақтылығы; студентке берілген тапсырманың оның мүмкіндігіне сәйкес келуі.
- Әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету: оқу-орнының материалдық-техникалық базасын ескеру; оқу орнындағы электрондық залда бар әдебиеттердің ақпараттар қорын толық пайдалану (интернет көзі, электронды оқулық, электронды оқыту бағдарламалары және т.б.)
- Студенттің дербес ерекшеліктерін есепке алу: тапсырма әрбір студенттің біліміне, қабілетіне сәйкес келуі шарт; тапсырма студентті шығармашылыққа жетелеуі тиіс.
4. СӨЖ-ді ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау: студенттің жұмысын белсендіру керек; студентті жұмысты тыңғылықты орындауға ынталандыру.
5. СӨЖ студенттің өзін-өзі және мамандығының қыр-сырын ашуға бағытталуы шарт: СӨЖ тақырыптарын студенттің болашақ мамандығымен байланысты қарастыру қажет; СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында студент өз қабілеттерінің ашылуына, мүмкіндіктерінің молаюына көз жеткізуі тиіс.
6. СӨЖ тапсырмаларының ғылыми-зерттеушілік бағытта болуы шарт: студенттің шағын ғылыми-эксперименттер қою арқылы болашақ мамандығының құпия жақтарын білуі тиіс; шағын ізденістер жүргізу барысында студент өз мамандығы саласындағы күрделі мәселені көре және шеше алуы мүмкін.
7. СӨЖ тапсырмалары студентті шығармашылыққа баулуы тиіс.СӨЖ тапсырмаларын дайындауға студентке дербестік беріледі, тақырыпты ашу үшін студент: эссе жазады; баяндама даярлайды; сөзжұмбақ құрастырады; глоссарий жасайды; шағын ғылыми жоба даярлайды.
8. СӨЖ тапсырмаларын орындауда студент дидактикалық құралдарды, жаңа ақпараттық технологияларды, телекомуникацияларды қолдануы тиіс: ғаламторға шығып, қажетті жаңа деректерді, тың жаңалықтар мен ақпараттарды алуы; электронды оқулықты пайдалануы; ақпарат банк қорын жасақтауы; жеке веб-сайт ашу; слайд даярлау; алынған материалды жүйелеу, сұрыптау, талдау.
9. Мониторингтік диагностика жүргізу:
- өзін-өзі анықтауы: қандай жаңалық аштым?
- өзін-өзі бағалауы: алған нәтижем қандай?
- өзін-өзі дамытуы: бұл менің қолымнан келеді ме?
10. СӨЖ-ның әдістемелік қамтамасыз етілуі. СӨЖ-ның әдістемелік қамтамасыз етілуінің бірден-бір жолы – кафедрада СӨЖ бойынша Web-сайт ашу.
Кесте 1- Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар жүйесі
[pic 2]
Тапсырма-2. Студенттердің өзіндік жұмыс түрлеріне сипаттама беріңіз және 2-кестені толтырыңыз.
СӨЖ-ді тиімді ұйымдастырудың үлгісі болашақ маманды кәсіби бағытта даярлаудың, жоғары оқу орнының оқыту мақсатының және пәнді оқыту мақсатының талаптарына сай болуы тиіс.
Семинар (латын. сеminarum – рассадник) – білімгерлердің баяндамалары тыңдалып,курс бойынша өтілген материалды бекітуде тереңдетілген білімді қамтамасыз ететін практикалық сабағы.
Конспект (лат.соncpectuc – шолу) – курстың негізгі компоненті, бағалау үшін апта сайын тексерілуге өткізілетін лекцияның немесе әдебиеттің негізгі қысқаша мазмұны.Егер білімгер талқыланатын тақырып бойынша шолу немесе глоссарий әзірлесе, онда конспект жазудан босатылады.
...