Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биологияны оқыту әдістемесін таңдауға қойылатын заманауи талаптар

Автор:   •  Ноябрь 9, 2023  •  Реферат  •  492 Слов (2 Страниц)  •  62 Просмотры

Страница 1 из 2

Биологияны оқыту әдістемесін таңдауға қойылатын заманауи талаптар.

Биологияны оқытудың қазіргі әдісі – ғалымдардың, оқытушылардың және студенттердің көптеген буындары жинақтаған шығармашылық тәжірибе.Оның  пайда болуы мен дамуы - елдің саяси тарихы, қоғамдық-саяси ойлардың дамуы,әлеуметтік-экономикасы, сондай-ақ биология және педагогикалық ғылымдар, орта және жоғары біліммен тығыз байланысты.

 «Методология» сөзі гректің «methodos» - бір нәрсеге апаратын жол, зерттеу жолы немесе тану жолы деген сөзінен шыққан. Оның мағынасы әрдайым тұрақты ,  ғылым ретінде оның ғылыми негіздерінің қалыптасуы заманауи әдістеменің дамуымен бірге өзгерді.

Биологияны оқыту әдісі – маңызды әрі мәселелердің бірі,өйткені теориялық білімді практикалық тұрғыдан қарастыру керек.Тәжірбие арқылы биологияны оқытудың әртүрлі тәсілдері қалыптасты.Әдістерді қалыптастыруда оқыту құралдары,мұғалімнің іс-әрекетінің сипаты,оқушының іс-әрекетінің сипатына қарай құрылу қажет.Осы ерекшеліктерге сүйене отырып,оқыту әдістерінің үш тобын қарастырамыз.

1)ауызша (бір білім құралы-сөз)

2)көру арқылы(екі білім құралы- сөз және бейнелеу)

3)практика(үш білім құралы –сөз және зерттеу объектісі және алған білімді практикада жүзеге асыру)

Сөздік әдістер тобына мыналар жатады: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру,лекция. Бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеті-сөз арқылы, ал оқушылар іс-әрекеті – негізінен тыңдау, түсіну, ауызша немесе жазбаша жауаптар түрінде болады.

Көрнекі әдістер тобына  эксперименттер мен демонстрациялармен ұсынылған заттар мен құбылыстарды табиғи түрінде немесе көрнекі құралдар түрінде көрсететін сурет (сызба, схема, макет, макет) ұйымдастырылады. Мұғалімнің іс-әрекеті- бақылау, зерттелетін объектіні қарастыру, ал оқушылардың іс-әрекеті- бақылау,оны түсіну, қорытынды жасау.

Биологиядағы практикалық әдістер тобы оқу объектісі немесе оқулық еңбектермен ұсынылған. Практика  зертханада,сабақта немесе экскурсияда, өмірдің бір бұрышында тәжірибелік сабақтарда жұмыс істеу,табиғат, мектеп оқу-эксперимент алаңында қолданылады. Сыныпта, жұмыс үлестірмелі материалмен(қарастыру,тексеру, өлшеу, санау немесе бөлу)  немесе оқулықпен, мектеп оқушылары арқылы зерттелетін объектімен тікелей байланыс жүргізіледі.

Осы аталған үш негізгі құрылым бойынша оқыту әдістемесін жүргізуде қосымша заманауи педогогикалық технологияларды қолдану-мұғалімнің шеберлігі деп есептеймін.Мұғалім жұмысының нәтижесі оның оқушыларының шеберлігімен, оқушылардың сабақтағы өзіндік белсенділік деңгейімен,сабақ барысында, оқушылардың пәнге, мұғалімге, бір-біріне деген көзқарасымен, жеке тұлғаның тәрбиелік және дамытушы ұтқырлығымен бағаланады.

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (68.4 Kb)   docx (192.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club