Латын әліпбиі-Мәңгілік елдің кемел болашағы
Автор: zhanko • Ноябрь 23, 2018 • Доклад • 1,273 Слов (6 Страниц) • 637 Просмотры
Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің
ағылшын тілі оқытушысы Абдрахманова Жанаргүл Жайыққызы
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй.
Абай Құнанбаев
Зеттеу тақырыбы: «Латын әліпбиі-Мәңгілік елдің кемел болашағы»
Зерттеудің мақсаты: Латын әліпбиімен кемел келешекке бағдар жасай отырып, қазақша өлеңдерді латын әліпбиімен үйрету, әлемдік өркениетке, мәдениетке, өркениетке үлес қосу, ұлттық тілді жақсы меңгерту, ұлтжандылық сезімді қалыптастыру, ойлау, танымдылық қабілеттерін дамыта отырып, өнерге баулу.
Міндеттері:
- Ақын жазушыларымыздың қазақ өлеңдерінің көркемділігін айту;
- Елбасының мақсатын тізгіндеу арқылы “Үштілділік” саясатының себептерін көрсету;
- Ең тиімді өлең жолдарын латын әліпбиімен үйрету;
Зерттеудің өзектілігі: Латын әліпбиі-Мәңгілік елдің кемел болашағы екенін 2025 жылға дейін білім саласына енуін ескерте отырып, шет елдіктердің қазақ еліне қызығушылығын, ояту,қазақ тілінің өлең жыларын үйренудің тиімді әдістерін көрсету.
Зерттеудің гипотезасы: Тілімізді де, өнерімізді де әлемге таныту мақсатпен өз рухымызды жаңғырту.
Зерттеу кезеңдері:
Теориялық, ғылыми материалдарды, интернет желісі арқылы жинастыру, тілді тиімді үйренуге өлең кітапшаларын жасау.
Зерттеу жаңалығы:
Оқу бөлімдеріне қолжазбалар мен сирек әліпбиіміздің жаңартылған нұсқасына латын әліпбиіне қатысты өз ойымды жеткізу.
«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу – заман талабы.
Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Осындай жағдайда өз кезінде Ахмет Байтұрсыновтың: «Түбінде тілді оқығандар бүлдіреді» деп оқыған адамдар өзге тілдің ықпалына тез бейімделгіш болатындығын аңғарып ескерткені ойға оралады. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіретін ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік келді. Жаңартылған білімнің астарында өзге тіл үйретуге машықтандыру мақсатта әр түрлі оқыту әдіс тәсілмен білім саласын кеңейтіп келеміз. Латын тілін үйренуге осы ғылыми жұмыс өлең жолымен үйенсе, тез қабылдауға тиімді екені көрсетілген.
...