Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Латын әліпбиі

Автор:   •  Октябрь 15, 2019  •  Реферат  •  1,360 Слов (6 Страниц)  •  837 Просмотры

Страница 1 из 6

                            Латын әліпбиі
Латын әліпби негізіндегі жаңа жазуға көшудің басты себебі қандай?
Бұл мәселеде қазақ тілтанымындағы белгілі ғалым профессор Нұргелді  Уәлиев 8 түрлі түрткіжайтты көрсетеді.Латын әліпбиіне көшудегі негізгі түрткіжайт ішіндегі тілтанымдық түрткіжайтты басым ретінде көрсетеді.Сонымен бірге латын әліпбиіне көшудегі түрткіжайттар:
-Ақпараттық түрткіжайт
-Саяси түрткіжайт
-Тарихи түрткіжайт
-Экономикалық түрткіжайт
-Психологиялық түрткіжайт
-Педагогикалыққ түрткіжайт
-Тілтанымдық түркіжайт
Осы айтылғандардың ішіндегі ең маңыздысы тілтанымдық түрткіжайт.Қазіргі қолданыстағы кириллица әліпбиінде 42 әріп бар.Оның ішіндегі 28-і ұлттық тіліміздің төл дыбыстарын таңбалауға қызмет етеді.9-ы дауысты дыбысты,19-ы дауыссыз дыбысты таңбалайды.Бұл жазу алғаш рет қолданған кезде Қазақстан тотаритарлық Ресейдің бір отар елі болды.Сондықта біздің тіліміз де отарланды.Біздің тілімізді отарлаудың бір жолы ретінде қазақтың ұлттық әліпбиінің жүйесінде орыс тілінен енген дыбыстарды таңбалайтын әріптер күштеп енгізілді.Осы әріптердің болғанының салдарынан біз қазақ тілінен енген шет тілдік сөздердің ешқайсысын өзгертпей оны орыс орфографиясының ережесі бойынша жазуға мәжбүр болдық.Қазақ мектебіне барған бүлдіршіндер алғаш әліппемен танысқан кезде 42 әріпті танып білу арқылы тек қазақтың емле-ережелерін жаттаған жоқ,сонымен бірге қазақ мәтінін жазу үшін олар орыс тілінің де емле-ережелерін жаттап үйреуге мәжбүр болды.Бұл тек отар болған елдерге ғана тән құбылыс.Сондықтан да елбасымыз “Рухани жаңғыру болашаққа бағдар” атты мақаласына ең бірінші мәселе ретінде жаңа әліпби ауыстыру реформасын қойды.
Неге әліпби ауыстыруды рухани жаңғырумен байланыстырады?
Себебі тілі жаңғырған ұлттың ғана рухы жаңғыра алады.Рухтың ең мықты көрсеткішін сақтап тұратын, сол рухтың ғасырлар бойы бар болуына жауап беретін,соған кепіл бола алатын құбылыс сол ұлттың өзегі-тіл.Сондықтан біз тілімізді бодан тілден бостан тілге ауыстыру үшін ең алдымен жазудағы басы артық таңбаларды реформалауымыз керек болды.Алайда кириллица әліпбиінің өзін реформалап,басы артық деген әріптерді алып тастағанмен жұртшылық бәрібір де шет тілінен енген сөзді орыстың орфографиялық ережесімен жазуды тоқтатпайтынын тілтанушылар эксперимент арқылы дәлелдеді.70 жылдан астам уақытта қазақ тілінде шет тілінен енген сөздердің барлығы қазақ орфографиялық ережесі бойынша емес,орыс орфографиялық ережесі бойынша жазылды.Сол себепті біздің дыбысталу заңдылығымызда да ғылыми мәтіндерді құрайтын лексикада біз барлық сөздерді орыс тілінің орфоэпиялық ережесіне сәйкес айтып дағдыландық.Орыс тілінің өзін қарасақ шет тілінен енген сөздер игеріліп жазылады,өзінің төл дыбыстық жүйесімен айтылады.Міне,осы процессті қайтадан жаңғырту үшін,өзіміздің тіліміздегі иммунитеттік механизмдерді қалпына келтіру үшін біз латын әліпбиіне көшіп отырмыз.
Қоғамдасып өмір сүрудің ең мықты формасы-ұлт.Одан басқа адамзат баласы бірлесіп өмір сүрудің мықты формасын әлі ойлап тапқан жоқ.Сондықтан да қазақ болып қаламыз десек,ұлт болып сақталамыз десек біздің ұлттық бірегейлігіміз мықты болуы керек.Ұлттық бірегейлік деген құбылысты ғалымдар психологиялық құбылыс деп таныған.Ғалымдар балада ұлттық бірегейлік 9-12 жаста қалыптасады дегенді анық көрсетіп отыр.Яғни 9-12 жас аралығында өзінің қай ұлттан екені туралы түсінік қалыптасады.Ұлттық бірегейлікті құрайтын 3 негізгі компонент бар:
-Мәдени бірегейлік.Яғни қандай да бір мәдени стереотиптерді білу.Қазақ ұлтының мәдени бірегейлердірушілеріне төр концепциясы жатады.Қазақтың кез-келген баласы төрдің не екенін,ақсақалдың не екенін,амандасудың түрлерін біледі.Бұл мәдени концепциялардың көрінісі.
-Генетикалық фактор.Яғни ата-бабамыз қазақ ұлтының өкілі болуы керек.
-Тіл факторы.Мысалы алдағы екеуі болмай қазақ тілін жақсы біліп,қазақ тіліндегі бүкіл концепцияларды түсінген басқа ұлттың өкілі кейде өзін қазақ ұлтымен бірегейлендіріп жатады.Ұлттық жазуы болмаған ұлттың ұлттық бірегейлігі де әлсіз болып жатады.Ал,біздің жазу бүгінгі күнге дейін өзінің ұлттық белгілерін мықты сақтап келді.
Жазудың қызметі.Жазу экономикалық қатынастарды реттеу үшін пайда болды.Б.з.д 2000 жыл бұрын кезеңдегі өмір сүрген халықтардың ішінде алғашқы дыбыстық әріптің жүйесі пайда болған.Осы кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін қазір дамыған деген,озық деген тілдердің жазу жүйесі мықты қалыптасып үлгерді.Қазіргі адамзат баласының санасында ауызша тілдің жүйесі мен жазбаша тілдің жүйесі мүлде бөлек екі түрлі формада өмір сүріп келе жатыр.Тілтанушы ғалымдар зерттеу жүргізе отырып тілдің негізгі қызметтерін көрсетеді:
-аргументтік қызмет атқарады.Нақты дәлелдер келтіріп,ойды жеткізу үшін міндетті түрде қағазға түсіреміз.
-ойжасамдық қызмет атқарады.Ойлап тұрған нәрсені қағазға түсіру арқылы оның қалай басталып,аяқталғанын көре аламыз.
-жадылық қызмет атқарады.Ауызша айтылған сөз ғасырлар бойы сақтала алмайды.Ал,хатқа түсіп,тасқа басылған сөз ғасырлар бойы сақталады.
-кумулятивтік қызмет атқарады.Кумуляция дегеніміз-сол жазуды қолданған ұлттың ғасырлар бойы жинаған білімдерін келесі ұрпаққа жеткізу.
-коммуникативтік қызмет атқарады.Коммуникацияға да ауызша сөз сияқты жазу өз қызметін көрсетеді.
-тілтанымдық қызмет атқарады.Тіл жүйелі болуы үшін оның жазбаша формасы болуы керек.
-тіл нормалаушылық қызмет атқарады.Нормасы жоқ тіл әдеби формада дамымайды.Ондай тілді қолданатын ұлттың қоғамдық өмірдің барлық саласындағы дамуына тежеулер көп болады.Жазудың негізгі мақсаты-ауыздан шыққан сөзді дәлме-дәл әрбір дыбысын көрсетіп  таңбалау емес,санада туған ойды неғұрлым аз таңбалар жүйесімен соғұрлым сол тілді қоғамдастыққа таныс болатындай ықшам түрде жеткізу.

Жазуға қажетті тілтанымдық білімдер жүйесі.
-Грамматология-тіл ғылымында жазудың мәселесін зерттейтін,жазудың қоғамның санасында жеке-дара тілдік жүйе ретінде құрылысын қарастыратын тіл ғылымының саласы.Грамматологияның негізгі зерттеу объектісі графемалар болып табылады.Графема дегеніміз-жазба тілдің ең кішкентай бөлінбейтін санадағы бөлігі.
-Фонология-санадағы жеке тіл дыбыстарын зерттейтін тіл ғылымының саласы.Осы негізгі екі саланың қазақ тіл біліміндегі мамандарына тоқталатын болсақ,біз әңгімені қазақтың атақты ғалымы,қазақ тілтанымының негізін қалаушы,Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлынан бастаймыз.Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері қазақ жазу теориясының негізін қалады деп айтуымызға болады.Себебі ол төте жазу деп аталатын тұңғыш дыбысты әліпбидің авторы болып саналады.Біздің ғалымдарымыздың ішінде кодификациялаумен айналысқан профессор,филология ғылымдарының докторы Сыздық Рабиға Ғаниқызыны айтамыз.

...

Скачать:   txt (22.2 Kb)   pdf (583.6 Kb)   docx (13.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club