Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

КИВЦЭТ әдісімен мысты-мырышты шикізатты өңдеудің технологиялық схемасы

Автор:   •  Октябрь 13, 2018  •  Реферат  •  1,050 Слов (5 Страниц)  •  794 Просмотры

Страница 1 из 5

КИВЦЭТ әдісімен мысты-мырышты шикізатты өңдеудің технологиялық схемасы

Өндіріс көлемінде әртүрлі шикізат түрлерін циклонды балқыту бойынша жүргізілген зерттеулердің негізінде мысты-мырышты концентраттарды Ертіс мыс зауытында қолданылатын КИВЦЭТ агрегатында өңдеу технологиясы игерілді. КИВЦЭТ-тік технологияны өңдеу және өндіріске енгізу кезінде ВНИИЦВЕТМЕТ, ҚР ҒА МжБИ (ИМиО) институттарының және ЕМЗ (ИМЗ) инженерлері қатысты. Алғашқы жобада концентраттарды балқытудан мысты штейндер мен металдық мырыш алу болжанған. Одан әрі кездескен қысыммен жұмыс істейтін электр пеші тұндырғыштарының жұмысына байланысты туындаған технологиялық қиындықтардың әсерінен дистилляцияланған мырыш алудан бас тартты.  

Қазіргі кезде қолданылып жүрген КИВЦЭТтік агрегаттың түрі кіре берісінде циклон орнатылған балқыту бөлігінен, 3 электроды бар электротермиялық бөлігінен және жою қазаны бар балқыту камерасының газ жүретін бөлігінен тұрады.

Оттёк- Упсалы- циклоны- электротермиялық балқыту шағылдырғыш балқытумен салыстырғанда бастапқы шихтаның химиялық, түйіршіктік құрамының және ылғалдылығының тұрақты болуына қатаң талап қояды. Бұл келесімен түсіндірледі: шихта құрамының өзгеруі (әсіресе күкірт бойынша) берілген десульфуризация дәрежесі кезінде тек штейн мен шлак құрамын өзгертіп қана қоймай, сонымен бірге балқытудың жылулық тепе-теңдігіне де әсер ететінін көрсетеді.

Ертіс мысбалқыту зауытында негізі мыстан және мысты-мырышты концентраттардан және флюстеушілер ретінде кварцты кеннен және әктастан тұратын шихта қолданылады. Қабылданған схема бойынша ары қарай 7-10% -дан 0,5% -ға дейін және одан да төмен дәрежеге дейін кептірілетін штабельді шихта дайындау құралы қолданылады.  Циклона пылал шиханы Берген кезде камерадағы температура судың ұшуына шығындалып төмендейді, шығатын газдың, шаңның көлемі көбейеді және т.б.

Кептіруді екі сатыда жүргізеді. Бірінші сатысында диаметрі 2,2 м, ұзындығы 14 м, өнімділігі 25-35 т/сағатына барабанды пештер қолданылады. Барабанды кептіргіштердің айналу жылдамдығы  3-6 айн/мин құрайды. Газдар мен материалдардың тура ағыны кезіндегі шихтаны кептіру үшін кептіргіш реагент ретінді мазуттың жануы кезінде бөлінетін газдар қолданылады. Барабанның кіре берісіндегі газдардың температурасы 773-973 К және шығысында 373 К құрайды. Кептірілген шихта мен электр сүзгіде ауланған шаңдар диаметрі 0,9 м және биіктігі 22 м тік түтікше-кептіргіштерде жүретін кептірудің екінші сатысына түседі. Түтікше-кептіргіштердегі шихта мазут жануынан бөлінетін ыстық газдар ағынымен кптіріледі.

 

Түтікше-кептіргіштегі газдардың температурасы кіре берісінде 673-873 К және шығысында 423 К құрайды, бұл концентраттың жануын болдырмай толық кептіруге мүмкіндік береді. Газды- шаңды ағын топты циклондар мен электр сүзгішінен шаң аулағыш жүйеге түседі.

Ауланған шихта пневмотранспорт жүйесінің көмегімен бункерге - жинағыштарға беріледі. Аэрацияланған шихта иілгіш шихта құбыры бойымен балқытқыш циклонға беріледі, оған техникалық оттегі 150-200 м3/т шихтаға есебімен тангенциалды үрленеді. Үрлеу жылдамдығы 100-150 м/с.

Циклонда жоғары температураның (1823-1923К) және тотықтырғыш ортаның әсерінен күрделі физика-химиялық ауысулардың комплексі жүреді. Шихтаның ұсақ бөлшектері газдық ағынның бастапқы бөлігінде балқи отырып ірі бөлшектермен бірге циклонның жоғарғы бөлігінде сүзіледі.  Алғашқы сұйық фазаның негізін тотықтарға қарағанда балқу температурасы төмен сульфидтер құрайды. Шихтаның ірі бөлшектерінде болатын сульфидтердің ары қарай қызуы, ыдырауы, жануы және тотығуы циклонның ішкі қабырғасындағы алғашқы балқымалардың қабыршығында жалғасады. Бұл қабат қызған газдар ағынының кинетикалық энергиясы есебінен айналдырғыш қозғалыста болады және жиналуына қарай бірте-бірте төмен қарай аға отырып балқыту камерасының диафрагмалық тесігі арқылы шығарылады.

...

Скачать:   txt (13.8 Kb)   pdf (94.7 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club