Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі
Автор: sharipova-gulgan • Сентябрь 26, 2019 • Доклад • 964 Слов (4 Страниц) • 779 Просмотры
«Абай атындағы қазақ орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
оқу ісінің меңгерушісі Шарипова Г.А
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі
Бүгінгі таңда біздің қоғамға өзекті мәселелерді шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және көшбасшылық қабілеті бар тұлға қажет. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындап отыр. Осы қажеттілікті шешудің бірегей жолы, оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау. Осы уақытқа дейін оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушылар өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше көңіл бөлуіміз керек.
Білім процесінің тиімділігін арттырудың басты ерекшелігі - заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Заман талабына сай мектеп мұғалімдерінің берілген білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, оқыту мен тәрбиеде жаңа әдістер мен технологияларды меңгере отырып, зор шығармашылық қабілеттерін шыңдау нәтижесінің игерілуі негізге алынады. Сабақ мақсатына жету үшін оқушылардың санасын, дағдыларын дамытуға жағдай жасау керек. Бұны іске асыру үшін, сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, әр оқушының сабақ процесіне белсене қатысуына жағдай жасау, оқытуда саралап және даралап оқытуды қолдану және бейімделушілік қабілеттерін, сыныптастарымен және жеке жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту керек. Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты, әрі тиімді болып шығады. Сабақ барысында жобалау, құрастыру, зерттеу, дәлелдеу, сараптау олар үшін жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.
Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. «Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысананың артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін- өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатыр.
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттап, тұлғаның өзіндік жауапкершілігін арттырып, еңбегін нақты бағалауға мүмкіндік береміз және оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын қамтамасыз ете аламыз. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі - алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы анық, айқындылығы, бағаның әділдігі және өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалаудың артықшылықтарына оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады және бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі, өзінің білімділік деңгейі анықтай алады.
Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді және білім берудің сапасы артады.
Ал мұғалімдерге келетін болсақ, олар сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға, өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға, оқу үрдісінің сапасын жақсартуға, бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға және оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
...