Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аяқ-қолдың хирургиялық аурулары,зақымдануы мен туа біткен аурулары

Автор:   •  Октябрь 6, 2021  •  Реферат  •  356 Слов (2 Страниц)  •  1,056 Просмотры

Страница 1 из 2

Аяқ-қолдың хирургиялық аурулары,зақымдануы мен туа біткен аурулары.

Есеп-1

50 жастағы М. атты  науқас есік алдындағы табалдырықтан тайып құлап, оң жақ санымен соғылды. Оң жақ санының ауыруына шағым айтады, тұра алмайды. Оң аяғының ұзындығы сол аяғына қарағанда 5 см. қысқа, ал аяғының басы (табаны) сыртқа қарай (ротацияланған) ауытқыған. Аяқ үсті артериясындағы пульсі анық, жақсы толымды. Сан тұсы ісінген, деформациясы айқын, орта тұсы ауырсынады. Осы тұста «патологиялық қозғалыс» анықталынады.

Сіздің клиникалық диагнозыңыз?

Менің ойышма бұл жағдайда  науқастың ортан жіліктің ортасы немесе төмен жағының сынған

Жедел жәрдем дәрігерінің шаралары қандай болмақ?

Ауырған жерін жансыздандырып, шендеуіш салып, дереу ауруханаға жеткізу керек. Ашық жара байқалса, сіреспеге қарсы анатоксин немесе вакцина егу керек! Сынықтар, өзінің орнынан жылжымаған болса, аяқты «Белер шендеуішке» салып, эпифиздан Киршнердың сымтемірлі спица өткізіп, оған байлам бекітіп, байламға жұк іліп қояды. Жұктің салмағы 6-дан, 12-15 кг. болады, науқастың денесінің салмағына қарай. Осындай жағдайда 5-6 апта жатады, содан кейін жұкті және спицаны алып тастап, аяққа массаж, физноем, ЛФК тағайындайды. Ақырындап, балдақпен жұруге рұқсат.

Транспорттық иммобилизация — аяқ- қол сынықтарында және басқа жарақаттарда ауыр жарақаттық шоктың алдын алады.

 

Есеп-2

14 жасар бала волейбол ойнап жүріп, сол қолының жазық бойына құлады. Сол жақ бұғана тұсының ауыратынына шағым айтады. Науқас денесі сол жағына қисайып, сау қолымен шынтақ буынында бүгілген ауру қолын қапсыра ұстап, кеудесін қыса ұстаған түрде тұр. Сол қолы артериясының білезік тұсындағы пульсі анық, саусақтарының сезімталдығы сақталған. Сол жақ бұғана тұсы басқанда ауырсынады. Кез-келген сол жақ иық буынындағы қозғалыс ауырсыну тудырады.

...

Скачать:   txt (4.8 Kb)   pdf (70.5 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club