Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құқықтық аспект: заңдар мен күрес шаралары

Автор:   •  Февраль 23, 2024  •  Курсовая работа  •  2,471 Слов (10 Страниц)  •  44 Просмотры

Страница 1 из 10

ЖОСПАР:

I. Кіріспе

II. ҚР-дағы жыныстық қудалаудың құқықтық мәселелері

1.1 Қазақстандағы әйелдерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу проблемасының маңызы

1.2 Қазақстандағы проблеманың ауқымы: статистика және зерттеулер

1.3 Өзге де мемлекеттерде жыныстық қудалаудың деңгейі

1.4 Өзге мемлекеттерде мәселенің ауқымдылығы мен алдын-алу шаралары

2. Құқықтық аспект: заңдар мен күрес шаралары

2.1 Әйелдер құқықтарының алдын алу және қорғау шаралары

III. Қорытынды

IV. Пайдалынылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе:

Зерттеу мәселесі:

Қазіргі қоғамда теңдік, қауіпсіздік және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері өзекті бола түсуде. Әйелдердің алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі-әйелге қысым көрсету. Бұл мақалада біз Қазақстандағы осы құбылыстың құқықтық аспектілерін, сондай-ақ заң шығарушы мен қоғам алдында тұрған проблемаларды қарастырамыз. Қазақстанда әйел жынысына қатысты жыныстық қудалау проблемасы елеулі және өзекті әлеуметтік проблема болып табылады. Соңғы онжылдықтарда әйелдер өмірінің әртүрлі салаларында, соның ішінде қоғамдық орындарда, жұмыс ортасында және үй кеңістігінде жыныстық бопсалау жағдайларының көбеюі байқалды. Бұл мәселе оның ауқымын, себептерін түсіну және оның алдын алу мен жолын кесудің тиімді шараларын әзірлеу мақсатында назар аударуды және зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, бұл мәселе тек Қазақстанда емес, жалпы әлем бойынша кең таралған. Бүкіл әлемде статистика көрсеткендей, әйелдердің 80% - ы кем дегенде жиі көшедегі бопсалауға ұшырайды, 45 % - ы қоғамдық орындарға жалғыз бара алмайды деп санайды, 50 % - ы баратын жеріне балама жол табу үшін көшеден өтуге мәжбүр, 80% жергілікті көшелерді кесіп өтіп, үнемі сергек болу қажеттілігін сезінеді, ал 9% бопсалау орын алған аймақты болдырмау үшін жұмыс орындарын ауыстыруға мәжбүр болды. Осыған орай, бұл мәселенің өзектілігн байқай аламыз.

Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы әйелдерге қатысты жыныстық қудалаудың ауқымын, факторларын және салдарын талдау болып табылады.

Зерттеу міндеті:

1. ҚР-дағы жыныстық қудалауды тоқтатудың құқықтық маңызын анықтау

2. ҚР-дағы жыныстық қудалауға байланысты негізгі заңнамаларды талдау

3. Қазақстандағы жыныстық қудалауға байланысты жағдайлар мен статистикалық деректерді зерттеу

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында ғылыми зерттеу әдістері қолданылады. Мысалы, Гипотетикалық әдіс арқылы ҚР-дағы жыныстық қудалаудың құқықтық мәселелерін реттеу және алдын алу шараларына ұсыныстар беріледі. Эмпирикалық әдістер арқылы зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтауға көмектеседі. Салыстырмалы анализ әдісі арқылы өзге мемлекеттердегі жыныстық қудалаудың өзектілігін және құқықтық реттеу шараларын салыстырылады. Индукция әдіс арқылы ҚР-дағы мәселелеріне талдау жасалынады.

Түйін сөздер: Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, қылмыстық жәбірленуші, қылмыскер, қылмыс, заң, шешу жолдары.

1. ҚР- дағы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеудің құқықтық мәселелері

1.1 Қазақстандағы проблеманың ауқымы : статистика және зерттеулер

Әйелдерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу-бұл адамның жеке кеңістігі мен қадір-қасиетін бұза отырып, әйелге қажетсіз физикалық немесе психологиялық әрекеттер жасайтын зорлық-зомбылық түрі. Бұл құбылыс қоғамдық орындарда да, отбасылық ортада да көрінуде. Зорлық-зомбылыққа алғашқы қадам ретінде қабылданған жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу құқық қорғау органдары мен сот органдарында өтініштердің аздығына байланысты статистиканың

...

Скачать:   txt (36.6 Kb)   pdf (105 Kb)   docx (18.5 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club