Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары

Автор:   •  Январь 26, 2022  •  Эссе  •  714 Слов (3 Страниц)  •  1,293 Просмотры

Страница 1 из 3

Коммерциялық емес Акционерлік қоғам

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

ЭССЕ

Тақырыбы: Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары

Орындаған: 2-016 топ студенті Үйсінбек А.Ә.

Қабылдаған: Темиргалиев К.А.

Қарағанды 2021-2022 ж.

Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары

Кез келген ағаш тамырсыз шықпайды. Тамыры берік, мықты ағаш қана жел соғып, дауыл тұрса да құламайды, сынбайды. Сол сияқты кез келген мемлекеттің еш қиындыққа мойымай, тек қана алға бастайтын күші ол - жастар. Жастар жалыны неғұрлым жалынды әрі мығым болса, мемлекет болашағы да соғұрлым мықты, берік болады. Қайсы бір мемлекетті алсақ та, елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты екені анық. Себебі болашақ – жастардың қолында.

Алайда, қазіргі жиырма бірінші ғасыр жастарының өмірлік ұстанымдары мен принциптері, рухани және этикалық құндылықтары өткен ғасырда туылған ата-аже, көке-тәтелерімізден әлдеқайда өзгеше. Өйткені, әке-ағаларымыз тоталитарлық жүйенің тәрбиесімен өсіп өрбіді. Олар шыдамдылық, ізгілік, адал еңбек, шүкіршілік секілді ұстамды қасиеттерді ту етті. Ал, қазіргі жастардың этикалық құндылықтарына еңбектену, жан-жақты ізедну, еліктеу, адамгершілік, қарапайымдылық сияқты ұстанымдар басымырақ болып отыр. Бұл ойға дәйекті мысал ретінде көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың жастар туралы айтқан ойын келтіре аламыз:  «Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман». Яғни, заман ағымына ілігіп жүру үшін ата-ананың көмегімен алынған білім мен мамандық саласы емес, өзіңнің басыңмен, қабілетіңмен жеткен білім әлдеқайда бағалы болмақ.

Сонымен қатар, қазіргі қазақ жастары - тәуелсіз елде туылған еркін азаматтар екенін әрдайым есте сақтау керек.  Анахарсис  бұл жайында: «Еркін адам дегеніміз — өз қалауымен, өз заңдарымен өмір сүретін адам» деп сөз еткендей, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өсіп жатқан жастардың мінезі де, ойы мен ойлау қабілеті де қара торда қамалған бұлбұлдан басқаша болады, болуы да керек. Ал еркіндікте туылған жастардың басты айырмашылығы – олардың әрдайым еркіндікке ұмтылуы. Сондықтан, қазіргі өскелең ұрпақ жастайынан үлкендердің көмегінсіз өз ойлары мен армандарын ашық айта алады. Олар өзге адамдардар алдында ұятқа қалуға, біреудің сынына түсуден қорықпайды. Керісінше, олардың басты қорқанышы, ол - ойларын қоғам мен үлкендер естімей қалу.

Қазіргі жастар батыстық өмірге еліктейді. Ол барлық жағынан либерализммен сипатталады. Қазіргі жастар діндерге төзімді, саясатқа бей-жай қарайды, экономикада іскер, жеке қатынастарда тәуелсіз. Үлкендер бұл еліктеуді қате, дұрыс емес деп санайды. Бірақ, мен бұған толықтай келісе алмаймын. Себебі, дамыған елдер – батыста жатқан тамыры тереңде жатқан, мәдениеті мен құндылықтарна көз тоймайтын алып мемлекеттер. Қазіргі заман ағымы мен болашағы тікелей сол мемлекеттерге тәуелді. Өйткені, күштілер - әлсіздердің басшысы, еліктеу стимулына лайық жандар. Ия, әрбір істі шектен шығармау керек және бұл қағида өмірдің кез-келген жағдайына қатысты. Сондықтан, адам адамнан жақсы қасиеттерін алса, оны өзінің бойына тәрбиелей білсе, еш қателік жоқ деп ойлаймын. Тіпті, Абай атамыздың өзі "Орыстың тілі, дүниенің кілті" деп, орыс тілін оқып-үйрену арқылы көзіміз ашылады деді. Міне, араға жүз жыл салып, ол кісінің өсиетінің дұрыстығына көзіміз жетіп отыр.

...

Скачать:   txt (10.1 Kb)   pdf (87.5 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club