Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары

Автор:   •  Ноябрь 25, 2022  •  Эссе  •  635 Слов (3 Страниц)  •  537 Просмотры

Страница 1 из 3

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

                                 

        Эссе

Тақырып  : Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары

   

                         

   Орындаған: Валикрамов Сайидмурад

                                  Тобы:1511-11

                                   Қабылдаған: Бегдаулетова Қ.Д.

 

    «Болашақ жастардың қолында». Әр білім шаңырағы мен әкімдіктерде ілінген тақтайшалар осылай дейді. Ресмилікті былай қойғанда, аға буынның бүгінгі ұрпаққа артқан сенімі мол. Ал біз, жастар, осы үмітті ақтай аламыз ба?

Қай елдің болмасын, дамуы оның ең әуелі рухани құндылығымен астасса керек-ті. Қазақ қашаннан тәлімдік тәрбиесімен, мәдени құндылығымен ерекшеленген халық. Көнекөз қариялардың дүниеге көзқарасы- мейірімділік пен адамгершілікке негізделген. Оған дау жоқ. Ел басынан өткен алмағайып заманда да әрбіріміздің ата-әжеміз «адам» деген ардақты атқа лайық болып қалды. Қазақ ғұламасы Абай: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», - дейді. Сіз бен біздің қасиетті кісілерден тәлім алуымыздың сыры осында болса керек.

    Қазіргі заман жастары, атап айтсақ Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан жас буын XX ғасыр жастарынан айтарлықтай айырмашылық жасайды. Бірақ, бұл жастардың жалпыадамзаттық құндылықтардан түбегейлі арылды дегенді білдірмейді. Әрине ,бәрі бірдей саналы емес,есесіне білім деңгейі тұрғасынан қазіргі жастардың мүддесі аса жоғары. Өз кезегінде білімге құштар жас буынның негізгі тобы ілесіп келеді. Заман жастарының бойында – байсалдылық , рахым,қанағат,ұждан этикалды қасиеттері толық қалыптаспағанымен, алға ұмтылу,қайсар мінездері әлі де болса көрініс табады. Жалпы этика дегеніміз не?

Этика- қарапайым ғана адамзаттық құндылық, мінез-құлық ұғымдарымен тұспа-тұс келеді. Діни ,ұлттық , жалпыадамзаттық , нормативтік,теориялық тұрғыда қарастырылатын этиканың да сан түрлі бағыттары белең алады. Қазіргі заман жастарының этикалық құндылықтарын «қазақ жастары» емес «Қазақстандақ жастар» етіп ажыратамыз. Қазақстандық жастардың құндылықтарын,оның ішінде ақыл-ой,білімін дамыған мемлекет жастарымен салыстыру ақымактық. Дамыған ел жастарының дамушы мемлекет жастарынан тек бір айырмасы- жаңа технологиялық жүйеде жатыр,ал жаңа заман талабына сай кез-келген құралдарға машықтану көп уақытты қажет етпейді. Сондықтан да жастарды білім деңгейі бойынша бір саты төмен қою қателік .Атап өткендей жас буынның білім алуға құштарлығы жоғары,дегенмен , статистикалық мәліметтер 300 мыңдай тұлғаның құндылықтарға аса ден қоймайтындығын дәлелденген. Негізгі себептері: орта мектепті тәмамдаған соң әскерге кету және оралғаннан кейінгі жалғасы таппаған білім, ерте жастан отау құру, отбасылық жағдайлар мен білім ордаларының жоқтығы, тілдің шұбарлануы,нақтырақ айтқанда патриоттық сезімнің өлуі не болмаса қазақ этнонимінің орыстану процесі.

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (101.6 Kb)   docx (550.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club